Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Қайдасың)

Сол бір кез есімде
Жағасы бұлақтың
Айлы жаз кешінде
Сырласқан ұзақ түн
Сүйкімді бейнеңді
Жүректе сақтадым
Арманым, сол жерден
Сен едің тапқаным
Тағы да сол жерге
Оралдым қайтадан
Әлі тұр гүлдер де
Самал жел шайқаған
Қол бұлғап жырақта
Тау да тұр аңсаған
Сен жоқсың бірақ та
Қайдасың қалқажан?!
Көруге жаралған
Сен бейне айнасың
Өзіңсіз таба алман
Сағыныш айласын
Көрінші, көңілге
Қуаныш жайласын
Аңсадым жүзіңді
Қалқатай, қайдасың?!
Жағасы бұлақтың
Айлы жаз кешінде
Сырласқан ұзақ түн
Сүйкімді бейнеңді
Жүректе сақтадым
Арманым, сол жерден
Сен едің тапқаным
Тағы да сол жерге
Оралдым қайтадан
Әлі тұр гүлдер де
Самал жел шайқаған
Қол бұлғап жырақта
Тау да тұр аңсаған
Сен жоқсың бірақ та
Қайдасың қалқажан?!
Көруге жаралған
Сен бейне айнасың
Өзіңсіз таба алман
Сағыныш айласын
Көрінші, көңілге
Қуаныш жайласын
Аңсадым жүзіңді
Қалқатай, қайдасың?!
Автор: ZHARAR | 4 271 | 27.11.2015
Загрузка...
Читайте также

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Әнім сен едің)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Қыз сағынышы)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Шынарым)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Сыр сұлуы)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Кешікпей келем деп ең)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Арыс жағасында)
Қазақша Бейне клиптер жинағы
Қазақша Бейне Клип: Руслан Кулиманов - Қайдасың (2014)
Қазақша Бейне клиптер жинағы
Қазақша Бейне Клип: Әлішер Қайратұлы - Қайдасың қайда (2014)