Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Сыр сұлуы) » ZHARAR © 2017 | шәмші қалдаяқов Сыр сұлуы өлең стихи на казахском шамши калдаяков казакша олен, шәмші қалдаяқов өлеңдері, стихи на казахском языке шамши калдаяков, шамши калдаяков олендери текст, Сыр сұлуы




  • »

Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Сыр сұлуы)

Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Сыр сұлуы) казакша Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Сыр сұлуы) на казахском языке

Жайраңдап жазда ағатын еді
Есімде қайран Сыр сұлу
Таңертең сонда баратын еді
Толқынға құмар бир сұлу

Қайырмасы:
Аңсатса Сыр өңірі
Ән тербер жүрегімді
Өзіңнен туған ұлың айналсын
Жайқалған ақ күрішің
Жаралған шаттық үшін
Қайран сол Сыр сұлуы қайдасың

Тұрғандай қарап толқынды Сырға
Бір сұлу әсем жан сыры
Сәуле боп ойнап жатқандай суда
Көзінің ерке жарқылы

Қайырмасы:
Аңсатса Сыр өңірі
Ән тербер жүрегімді
Өзіңнен туған ұлың айналсын
Жайқалған ақ күрішің
Жаралған шаттық үшін
Қайран сол Сыр сұлуы қайдасың

Қайта ма сол қыз жайраңдап Сырдан
Толқынды шашын күн қағып
Қала ма қарап жағада тұрған
Күріштің басы ырғалып

Қайырмасы:
Аңсатса Сыр өңірі
Ән тербер жүрегімді
Өзіңнен туған ұлың айналсын
Жайқалған ақ күрішің
Жаралған шаттық үшін
Қайран сол Сыр сұлуы қайдасың

Сыр бойы түгел сол қызды мақтап
Жігіттер әнін шертеді
Тізілген тісі күріштен аппақ
Сырдан да жаны ерке еді

Қайырмасы:
Аңсатса Сыр өңірі
Ән тербер жүрегімді
Өзіңнен туған ұлың айналсын
Жайқалған ақ күрішің
Жаралған шаттық үшін
Қайран сол Сыр сұлуы қайдасың

Аңсатса Сыр өңірі
Ән тербер жүрегімді
Өзіңнен туған ұлың айналсын
Жайқалған ақ күрішің
Жаралған шаттық үшін
Қайран сол Сыр сұлуы қайдасың
Қайран сол Сыр сұлуы қайдасың


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 137
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .