Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Босаған арқау) » ZHARAR © 2017 | естеу нүсіпбеков Босаған арқау өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков




  • »

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Босаған арқау)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Босаған арқау) казакша Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Босаған арқау) на казахском языке

Ағайынға ағайын жат болар-ақ,
Қайыр-мейір азайып сап болар-ақ.
Сертте тұрмас, селт етпес, иіс алмас,
Сергелдеңге мына жұрт тап болар-ақ.

Қорқынышым менің тым көбейгендей,
Жорықсыздық жолы тым кеңейгендей.
Әже өлген күн үйленген қызды көріп,
Көк өгізі үміттің шөмейгендей.

Түскендей-ақ түйеден сөйлеп кесек,
Жүргендер де сумаңдап тасиды есек.
Тоқ қарында жатқан соң иісті есеп,
Сұрамайды халыңды тартсаң төсек.

Кей ісіне таң қалам халқымыздың,
Түсінбеймін не екенін нарқымыздың.
Мәймөңкеге үйірміз жалпақ шешей,
Босап-ақ тұр арқауы салтымыздың.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 743
Рейтинг:
(голосов: 2)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .