Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Тықыршисың бәйге аттай, дегдар інім) » ZHARAR © 2016 | естеу нүсіпбеков Тықыршисың бәйге аттай дегдар інім өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков




  • »

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Тықыршисың бәйге аттай, дегдар інім)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Тықыршисың бәйге аттай, дегдар інім) казакша Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Тықыршисың бәйге аттай, дегдар інім) на казахском языке

Тықыршисың бәйге аттай, дегдар інім,
Бойыңда жоқ нәумез күй, енжар ұғым.
От жайнайды көзіңнен, ойың сергек,
Еңселісің, бура сан денең мығым.

Кесек болмыс, бітімің бөлекшелеу,
Көрсетіп тұр күш-қайрат берендігін.
Алқынбаған дем алыс, орнықтылық
Аңдатады ақыл-ой кенендігін.

Қастасыңнан қайыспас қияпат бар,
Қарсы өтінде тұрсаң да қанжарлының.
Санатың да, санаң да кемдік көрмей,
Тыныстайсың тілімен Жер шарының.

Алуан көлік жүйрігін мініп-түсіп,
Шарлап келдің әлемнің тең жарымын.
Кемелді інім, кең інім, дегдар інім,
Шамшырағым, қолға ұстар ең жарығым.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 980
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .