Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Ақ тер-көк тер астымда көлік-дене) » ZHARAR © 2016 | естеу нүсіпбеков Ақ тер-көк тер астымда көлік-дене өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков




  • »

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Ақ тер-көк тер астымда көлік-дене)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Ақ тер-көк тер астымда көлік-дене) казакша Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Ақ тер-көк тер астымда көлік-дене) на казахском языке

Ақ тер-көк тер астымда көлік-дене!
Кешірмедің басыңнан өмірде не?!
Арқалатпай ертоқым орта жолда,
Өткелектің шығардың өріне де.

Ақ тер-көк тер астымда дене — көлік!
Қажыр қайрап қайратқа бердің ерік.
Нәпсі-даққа жанымды тоттандырмай,
Жеткенімше жетпіске болдың серік.

Енді қанша шыдайсың асу, белге?
Көбейтем бе өлең-жыр шашуды елге?
Алғанынша жанымды Жәбірейіл,
Қайран тәнім, қажыма, жасу көрме!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 656
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .