» » » Өлең: Қайрат Рысқұлбеков (Ақтық сөзі)

Өлең: Қайрат Рысқұлбеков (Ақтық сөзі)

Өлең: Қайрат Рысқұлбеков (Ақтық сөзі) казакша Өлең: Қайрат Рысқұлбеков (Ақтық сөзі) на казахском языке

Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген
Арғымақ мінген жаратып,
«Ақ сауыт киген темірден,
Алатаудай бабалар,
Аруағыңмен жебей көр!»

Ұлы Ленин бабамыз
Қатарға тең деп тартқан соң,
Компартия басқарып,
Достық отын жаққан соң,
Аға дедік орысты,
Әділдігі жаққан соң.

Ал енді қазір неткен күн,
Орыстан ынсап кеткен күн.
Тізесі қатты батқан соң,
Шыдамастан ақыры,
Қарғыс атқан Алаңда
Қарғыс атқыр жеткен күн.

Қаймана қазақ қамы үшін
Қарусыз шықтық Алаңға.
Алыстан әскер алдырып,
Қырып салды-ау табанда.

Сөйлесем даусым жетпейтін
Кез болдық мынау заманға.
Шовинизм еді ғой
Басты себеп жанжалға.

Екі жүзің қырылып,
Екі жүзің ұрылып,
Екі жүзің сотталып,
Жоқтаусыз кетіп барасың!
Қатарым жусап қалғанда,
Қыршынымнан қиылып,
Солармен бірге өлсемші-ай!
Артта қалған ата-анам,
Арулап қолдан көмсеңші-ай!

Тұтқынға түстім жаутаңдай,
Жоламай ешкім қасыма.
Бара қалсаң, сәлем айт,
Сырттағы құрбы-досыма.

«Ақтық сөзің не?» деген
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтайын оны халқыма:
Жоқ пиғыл менде жасымақ.

Қорлай да беріп қайтадан,
Титыққа орыс жетпесін.
Туған жердің намысы,
Бөтен қолда кетпесін.

Салт-санадан айырылып,
Арақтан ұрпақ азбасын.
Ел көркейтер азамат
Қызғаныштан тозбасын.

Абай туған жерінде
Бомбасын атом жармасын.
Құлыптасты қиратып,
Өлігіңді қазбасын.
Өз ұлтыңның басшысын
Орнынан сүйреп алмасын.
Үміт еткен Мәскеуден
Қарадай көңілің қалмасын.
Ленин салған сара жол.
Қолдаушысыз болмасын.
Барлық ұлтпен тең болып,
Ешкімнен көңілің қалмасын.
Ендігі жерде басыңнан
Бірлік пен бақ таймасын.

Осы айтылған ақтық сөз
Туың болсын әрдайым.
Мойныма алып жаланы,
Мен болайын құрбаның.

Бас-аяғы сол болсын
Басыңа түскен қатердің.
Ақтық сөзді енді мен
Сотқа да бір айтайын:

Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең, атыңдар!

Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген, қош бол, таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.

Қош, аман бол, артымда
Ағайын, туған азамат!
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым, саған аманат!

Автор: ZHARAR | 19 710 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жиырма үш жасымда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жиырма үш жасымда)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын сырым)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын сырым)
Өлең: Қасым Аманжолов (Ленин туралы баллада)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қасым Аманжолов (Ленин туралы баллада)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Әке сөзі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Әке сөзі)
Өлең: Адамдық борышың
Өлеңдер жинағы
Өлең: Адамдық борышың
Қазақша өлең: Асан қайғы (Қырында киік жайлаған)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Асан қайғы (Қырында киік жайлаған)
Қазақша өлең: Иса Байзақов (Ақерке)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Иса Байзақов (Ақерке)
Тәрбие сағат: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Елім менің - Қазақстан!)
Сценарийлер (ертеңгілік) жинағы
Тәрбие сағат: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Елім менің - Қазақстан!)
Өлең: Қайрат Рысқұлбеков (Күнәдан таза басым бар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қайрат Рысқұлбеков (Күнәдан таза басым бар)
Өлең: Қайрат Рысқұлбеков (Кездесеміз әлі де)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қайрат Рысқұлбеков (Кездесеміз әлі де)
Өлең: Қайрат Рысқұлбеков (Ана тілі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қайрат Рысқұлбеков (Ана тілі)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Алданған сұлу)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Алданған сұлу)
Тәрбие сағат: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік таңы - атқан күн)
Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы
Тәрбие сағат: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік таңы - атқан күн)
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ұлы Арман)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ұлы Арман)
Сынып сағат: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Желтоқсан жаңғырығы)
Қазақша Сынып сағаттар жинағы
Сынып сағат: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Желтоқсан жаңғырығы)

KZ / Өлеңдер жинағы, қайрат рысқұлбеков Ақтық сөз өлең, қайрат рысқұлбеков ақтық сөз өлеңі, қайрат рысқұлбеков өлеңдері, қайрат рысқұлбековтың өлеңі, қайрат рысқұлбеков өлең, қайрат рысқұлбеков туралы өлең, кайрат рыскулбеков олендери, кайрат рыскулбеков стихи на казахском, қайрат рысқұлбеков Ақтық сөз өлең қайрат рысқұлбеков ақтық сөз өлеңі қайрат рысқұлбеков өлеңдері қайрат рысқұлбековтың өлеңі қайрат рысқұлбеков өлең қайрат рысқұлбеков туралы өлең кайрат рыскулбеков олендери кайрат рыскулбеков стихи на казахск, Өлең: Қайрат Рысқұлбеков (Ақтық сөзі) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке