» » » Өлең: Райханның баласын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Райханның баласын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Райханның баласын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті) казакша Өлең: Райханның баласын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті) на казахском языке
Халықтың дана молдасы,
Батырлардың қолбасы.
Осындай ердің, қарағым,
Болып едің жолдасы.
Оң жаққа төсек салмадың,
Атантай қызын алмадың.
Ортамызды толтырып,
Бір қызық тастай алмадың.
Салусыз қалды-ай төсегің,
Дұшпаннан болды өсегің.
Қиямет қайым болғанда,
Сол жауың болсын есегің.
Орайда орай оқ атқан,
Он екі сала бағы атқан.
Қаңқылдатып қаз атып,
Қыз баласын бірге атқан.
Бас бармақты бөдене,
Басқа дәулет көзге атқан.
Таңдайлымен тайласқан,
Киім бір кисе жарасқан.
Ақылдымен жанасқан,
Шың Дубанмен жауласқан.
Жауласам деп қарағым,
Екі көзді қан басқан.
Зарланып артта біз қалдық,
Келген барып налыдық.
Отбасында шошайып,
Шал мен кемпір біз қалдық.
Малгажім, менің, Малгажім!
Текті атадан жалғызым.
Аспаныма қарасам,
Сүйеніп барды жұлдызым.
Сенен тірі айрылып,
Қанатым қалды майрылып.
Қолдан шыққан ақ сұңқар,
Келмедің ғой қайрылып.
Еліңнің болдың құрбаны,
Ел ағасы молдамен,
Жабы, Мардаш қорғанға
Жылай, жылай қарағым,
Әлім әбден құрығаны.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 35 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қазақ ауыз әдебиеті Райханның баласын жоқтауы өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Райханнын баласын жоктауы казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Райханның баласын жоқтауы, қазақ ауыз әдебиеті Райханның баласын жоқтауы өлең казак ауыз адебиети казакша олен қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері олен Райханнын баласын жоктауы казак ауыз адебиети стихи казак ауыз адебиети олендери Райханның баласын жоқтауы, Өлең: Райханның баласын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке