22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Ұлыс күні)

 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Ұлыс күні)

Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!

Ел де тыныш!
Жер де тыныш – бұл күні,
Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.
Табысқан жұрт таныс тауып жатады,
Жамалғандай жүректердің жыртығы!

Саф тыйылып Сарыарқаның бораны,
Күн өрлейді күмбезінен жоғары.
Наурыздың жиырма екісі толғанда,
Тоғысады тоғыз жолдың торабы...

Жылғалардан су аққанда сырғанап,
Шаң-тозаңнан тазарады нұрлы алап.
Толтырады шаңырақтың шаттығын –
Наурызбай, Ұлысжандар – іңгәлап?!

Жалғасады жақсылықтар – «Иә, сәт!»
Қарлығаштар үй сыртына ұя сап –
Жүрсе,Бақыт қонатынын хабарлап,
Бұлт көшеді ақ жаңбырын құя сап!

Жат боп бұрын бастары ешбір қосылмай,
Жүрген жандар таныс тапса – досындай.
Ол – осынау Наурыздың арқасы! –
«Ұлыс күннің» шапағаты осындай!

Автор: Мақсұт Неталиев

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Ұқсас мақалалар:
» 22 наурыз - Наурыз мейрамы туралы өлеңдер авторымен
» 22 Наурыз - Наурыз мейрамы
» 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Шәкәрім Құдайбердіұлы)
» Ұлыс күніне арналған халық өлеңдері (22 наурыз мейрамы)
» Ерлан Ахмет (Құтты болсын Ұлыс күн!)
» Наурыз жыры
» Мұқағали Мақатаев (Наурыз айы туғанда)

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» Игрок 1xBet выиграл более 2 миллионов долларов на экспрессе из 44 событий 15.04.2021, 0
» 2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото) 04.04.2021, 0
» Алматыда жоқ көлік үшін алдын-ала төлем алған жігіт ұсталды 02.04.2021, 0

Келесі мақала жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы