» » » Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жекеменшікке талпыну)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жекеменшікке талпыну)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жекеменшікке талпыну) казакша Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жекеменшікке талпыну) на казахском языке
Сүйе алмаймын -
сүйгім келіп тұрса да есім кетіп
(мейлің мені сол үшін кешірме түк),
болмағандай ештеңе барасың ғой,
аласұрып келесің несін жетіп?
Көрген жерден -
аймалайсың алқынып, құлап-талып,
есімді алып үздігіп, сыр ақтарып.
Ал мен болсам, шығарып салған сайын
тұрам қимай ұзатып, жылап қалып...
Еркелегім келеді -
рахаттан сонда сен қалғыр едің,
бірге атқызғым келеді таңды менің.
Қазір тағы кетеді-ау деген ойдан
мұздап қоя береді жан-жүрегім.
Содан, содан қаламын
бар жаныммен алдыңда ашыла алмай,
тілеп тұрып - мойныңа асыла алмай.
Жекеменшік аңсайды көңіл-сайқал,
содан барлық желігі басылардай.
Мен салқындау көрінсем -
жарқылдауға жанарға жақұт қонып,
сені күтіп шаршадым, уақыт соғып...
Несіне ендің қиындау тағдырыма
қайғы болып, жартылай бақыт болып

Автор: nurgul95 | 126 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, фариза оңғарсынова Жекеменшікке талпыну өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Жекеменшікке талпыну, фариза оңғарсынова Жекеменшікке талпыну өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша фариза оңғарсынова өлеңдері фариза онгарсынова олендери фариза онгарсынова стихи на казахском Жекеменшікке талпыну, Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жекеменшікке талпыну) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке