Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Кеттің. Енді жаныма жанашыр кім?) » ZHARAR © 2017 | фариза оңғарсынова Кеттің. Енді жаныма жанашыр кім? өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, Кеттің. Енді жаныма жанашыр кім?




  • »

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Кеттің. Енді жаныма жанашыр кім?)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Кеттің. Енді жаныма жанашыр кім?) казакша Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Кеттің. Енді жаныма жанашыр кім?) на казахском языке

Кеттің. Енді жаныма жанашыр кім?
(Мен сорлы да өрліктен шарасызбын).
Содан бері жанарым мұңға толы,
содан бері әйтеуір мазасызбын!
Сен кеткелі тау жақтан жел еспеді,
гүл де солып қалғандай белестегі.
Екеумізді бір арман матастырып,
екеумізде мұң да бір емес пе еді?!
Жиіркендім-ау өмірдің бақ-тағынан,
жанарымды сен келер жаққа бұрам.
Енді кіммен қосылып ән саламын,
енді кімге сонда мен ақтарылам?
Қайтсем екен:
қасіретіңді сенделіп шексем бе екен,
әлде өзіңе тап қазір жетсем бе екен?
Тұрғызып ап төсектен жеті түнде
жаныма ертіп бір жаққа кетсем бе екен?..
Менің жаным секілді аспан көшкен…
Біліп жүрсің — жәйттар ғой бастан кешкен:
маған деген реніш ұйқы бермей
сенің көңіл-күйің де астан-кестен.
Мен де қалай жарқылдап жүре аламын,
жүрегімді жылатса кінәларым.
…Болғаны да жақсы екен дүниеде
өкпелеуге тұратын бір адамың.

Бұлай сүймейді, жарықтығым,
сезім емес есті алар — анық мұның.
Сенен көзді жұмғызып тамсандырар
еш ләззат қалған жоқ. Қалыпты мұң.
Жүрек құрғұр құрметті ескере ме,
не атақтан, даңқтан сескене ме:
қайтем, сенен жанымда түк қалмады –
қуаныш та, қайғы да — ештеңе де!
Табынған боп, сүйген боп көндігер ем –
көнер емес жүрегім, сорлы денем.
Сыйлағаннан махаббат тумайды екен,
сирек келер сезім ғой ол бір ерен.
Мүмкін бұдан жаныңда мұң қалары –
ер жігіттің намыс қой бір жарағы.
Құлай сүйгізе алмаудан, сүйе алмаудан
сезімдер былғанады.
Солай.
Мейілің жек көріп жерлесең де.
Бірақ айыпты есмеспіз: мен де, сен де.

Жанталасып мені шын ұмытсам деп
жүрсің сен,
басқа жанмен жүректі жылытсам деп
жүрсің сен.
Жек көрсем деп қалайда талай іске ұрындың,
ұмыттырса екен деп өзгелерге тығылдың.
Көрмеймін деп мен оны өзіңді өзің сендірдің,
кінәлайсың, сонда да көкірегіңде мен жүрмін.
Біреулерді жаныңмен сүйген болып жүрсең де,
мені жоқтап жүрегің қайғы шегіп тұр сенде.
Шығара алмай бейнемді көңіліңнен, аһ ұрдың,
көрмей алыс жүрсең де, тек мен саған жақынмын.
Кімменен жүр, қайда бар, қаншама азап шек мейлің –
жүрегіңнен бәрібір мен ешқашан кетпеймін.

Қарсы алдыңда отырмын балқып жаным,
сезім тұр тасығалы,
жанардағы найзағай жарқылдарын
кірпіктер жасырады.
От ұшқындар шашырап жанарыңнан
көзімді тайдырады.
Көңіл — толқын алқынып жағаны ұрған
екпіні айнымалы.
Мен білмеймін: әлде бір қорқу бар ма,
ерік жоқ санамызда.
Әлде мынау аппақ жал толқындарға
көміліп қаламыз ба?…

Телефон шыр етеді:
сонда менің жүрегім дір етеді,
көйлегімнің желбіреп гүл етегі
жүгіремін. Не пайда сен емессің.
Тек қималдау көңілді жүдетеді.
Кешке дейін неше рет дірілдетіп
мәнсіз, әрсіз, алаңмен күн өтеді.
Телефон, шыңғырсаң да,
көтермеймін енді мен — қылғын, сарна!
Жүрегіме тыныштық бермей қойды-ау,
төбесінен бір қойып сындырсам ба?!
Әне тағы… сені ме!
Қоңыр дауыс!
Трубканы сүйіп мен тұрдым сонда.

Бәрі менің есімде:
сені күтіп терезеден қараумен
минут санап тұрғаным,
жанымды өртеп бір жалын;
сөндіре алмай сағыныштың мұңдарын;
сосын сенің кіріп келер сәттерің,
тілсіз, үнсіз аймаласқан тәтті ерін…
қос жүректе — ақ сезім мен пәк сенім;
көп ішінде сыр ақтарып көзбенен,
жырақ шығып өзгеден
оңашарақ қалуды ылғи көздеген;
сәтке ынтығып шырын-бал,
қол ұшынан бойға тарар жылулар,
тек екеуміз түсінетін сыбырлар;
құлақ қоймай еш үнге,
сезім селін ынтығып бір кешуге
аласұрдық.
Бақыт па бұл, кесір ме?
Бірақ бәрі есімде.

"Жастар ойсыз, жөн-жосық білмейді, — деп,-
миларына салт-дәстүр кірмейді көп,
біз кеткесін бұл дүние не болар",— деп
уәйім жейміз, күздегі гүлдей жүдеп.
Білгісі кеп құлшынып тұрса да ұлан,
айтарымыз баяғы бір сарын ән,
даналықты күтеміз, жастың бәрі
өнеге алып туғандай құрсағынан.
Ақсақал жоқ ақылмен табындырар,
ағалар аз айтқызбай жаныңды ұғар.
Бара қалсаң жәй айтып алдарына,
"Өзің білмен" аяқтар әнін бұлар.
Сөйте тұрып жастарды кінәлаймыз,
кінәлауға келгенде кіл Абаймыз.
Көңілі қалып үлкеннен біржолата
қол үзеді бозбала, құралай қыз.
Болашаққа жастармен жалғанар із,
жастық жәйлі тарихта қалған аңыз.
Ұрпақтардан тамырды үзіп алып,
адам неге азды деп таңданамыз.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 420
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .