Фариза Оңғарсынова (Өтіп жатыр күндерім)

 Фариза Оңғарсынова (Өтіп жатыр күндерім)

Өтіп жатыр күндерім
қуанышсыз, қайғысыз, үнсіз менің:
көппен бірге жүреді құр сүлдерім.
Күзгі жауын секілді сүйекке өтер
білер ме ешкім жаныма мұң сіңгенін,
естілір ме біреуге күрсінгенім?!
Алау сезім мендегітолқын жеген желкендей ескіргелі,
таң атпайды, күнім де кешкірмеді.
Сұрғылт тартқан мынау кең дүниеде
түсінбейтін секілді ешкім мені,
елестейді мүсіндей кескіндері.
О, мен қанша сенделіп сеңді кештім,
сонда менің жаныма келді ме ешкім?!
Мен досыңмын дейтіндер тамашалап
қарап тұрды,
дүлеймен мен күрестім.
Есеңгіреп қалыппын сол жылдардан -
сен келсең де, сірә, енді сергімеспін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу

Ілмектер: фариза оңғарсынова Өтіп жатыр күндерім өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Өтіп жатыр күндерім, Өтіп жатыр күндерім қуанышсыз, қайғысыз, үнсіз менің: көппен бірге жүреді құр сүлдерім. Күзгі жауын секілді сүйекке өтер білер ме ешкім жаныма мұң сіңгенін, естілір ме біреуге күрсінгенім?! Алау сезім мендегітолқын жеген желкендей ескіргелі, таң атпайды, күнім де кешкірмеді. Сұрғылт тартқан мынау кең дүниеде түсінбейтін секілді ешкім мені, елестейді мүсіндей кескіндері. О, мен қанша сенделіп сеңді кештім, сонда менің жаныма келді ме ешкім?! Мен досыңмын дейтіндер тамашалап қарап тұрды, дүлеймен мен күрестім. Есеңгіреп қалыппын сол жылдардан - сен келсең де, сірә, енді сергімеспін.