» » » Өлең: Қадыр Мырза Али (Қазақ әйелі)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қазақ әйелі)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қазақ әйелі) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Қазақ әйелі) на казахском языке
Төзіміңді берсе сенің темірге,
Темірдің де түгі кетпес көмірге.
Қазақ қызы,
Қайран қазақ әйелі,
Не көрмедің,
Не кермедің өмірде?!
Қызды қатар қоймаса да ұлменен,
Азамат па қадіріңді білмеген!
Ақ жаулықпен орап алтын басыңды.
Отпен кіріп,
Шығып жүрдің күлменен.
Жұмсағанмен заман сені күң санап,
Жаманнан да ала білдің мың сабақ.
Жүн иіріп,
Кілем тоқып өрнекті,
Шекпен тіктің.
Киіз бастың.
Жүн сабап.
Тәулік бойы алмайтұғын жыр тыным.
Тойда тыныш өтті ме екен бір түнің.
Үйдің ғана жыртығы емес,
Туыстық,
Достықтың да сен жамадың жыртығын.
Көк майсада қанның буы бұрқырап,
Кісінесе иесіз тұлпар шұрқырап,
Арасына ағайынның кектескен
Қай кезде де өзің түстің шырқырап.
Тағдыр сенің жиғызбады есіңді,
Төзім сауыт тауқыметтен тесілді.
Жауға шаптың азаматтың жанында,
Жібекпенен тартып тастап төсіңді.
Құм астында,
Су астында бір қалаң.
Тарих біздің жұмбағы көп шырғалаң.
Шүкір дедің жаудан кейін,
Қойныңда
Аман қалса он балаңнан бір балаң.
Қыр қазағын қырған кезде
Оқалы
Шапан киген Бұқара мен Қоқаның,
Мұрагерсіз қалмасын деп
Шалыңа
Өз қолыңнан алып бердің тоқалын.
Көлдей көріп махаббаттың тамшысын,
Күтіп өттің жақсылықты жаршысын.
Егер бір ай көрінбесе сағындың
Күйеуіңнің өзі түгіл қамшысын!
Жолын кеспес қайнағаның, ағаның,
Сен бір гүлі, сен бір күні даланың.
Кітапсыз-ақ
Оқыдың сен кітаптай
Ата-ананың қасы менен қабағын!
Тыныштыққа кептіре алмай терлігін,
Өтті-кетті,
Өтті-кетті, шерлі күн.
Өздеріңнің бастарыңда
Қазақтың
Жазылмаған азабы мен ерлігі!

Автор: nurgul95 | 124 |


Социальные комментарии Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Қазақ әйелі өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Қазақ әйелі, қадыр мырза али Қазақ әйелі өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Қазақ әйелі, Өлең: Қадыр Мырза Али (Қазақ әйелі) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке