» » » Өлең: Қадыр Мырза Али (Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң) на казахском языке
Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң
Сақта мені өсектен,
Балағаттан!
Татулықтың бәрі де түсінуден,
Тыныштықтың бәрі де қанағаттан.
Мен кепілмін бұл сөзді қостарыңа,
Жақсылығын тұздық қып тостарыңа.
Бірде қылтың етсе де,
Бірде сылтың,
Дос жетпейді деп ойла достарыма.
Бар қызығы адамның ас қана ма?!
Жоқ па сонша киімнен басқа нала?!
Жар жетпейді деп ойла әйеліме,
Үй жетпейді деп ойла баспанаңа.
Өмір емес кемсінер,
Қомсынарың,
Әр уақытта төрешің болсын арың.
Шықпай жатса көңілден
Шықпай жатсын,
Керемет бір жандар де қоңсыларым.
Адаммын де күймеген,
Алданбаған.
Жөн ешкімнің пікірін малданбаған.
Кемдеу болса кем болсын,
Шүкірлік қыл
Лайық де өзіме алған бағам!
Құламасын әйтеуір бәйтерегің.
Қолдан келсе,
Сүңгіп көр ой тереңін.
Шүкір дегін бәріне,
Шүкір дегін.
Жаман болса бұдан да
Қайтер едің?!
Кейбір сәтте жаба сал сезім көзін.
Ең бастысы өмірде —
Төзім!
Төзім!
Көңіл тоя бере ме,
О, бауырым,
Алдарқата білмесең өзіңді-өзің!

Автор: nurgul95 | 139 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң, қадыр мырза али Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң, Өлең: Қадыр Мырза Али (Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке