Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Арман - үміт пернесі) » ZHARAR © 2016 | арман туралы олен, арман туралы олен шумактары, арман туралы олен жолдары, арман туралы өлеңдер, арман туралы өлең, қадыр мырза әли Арман - үміт пернесі өлеңі олен стих,




  • »

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Арман - үміт пернесі)

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Арман - үміт пернесі) казакша Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Арман - үміт пернесі) на казахском языке

Ащы айтқанның ашумен жарған басын
Ағайындар бұл сөзге арланбасын:
Туысқанның мықтысы – тілеулесің.
Қарындастың жақсысы – армандасың!

Перзентің бе базардың пұлына алаң?
Әлде ол сенің, Ұлы Отан, ұлы балаң?!
Кім екенін айтпа оның,
Арманын айт,
Арманына қарап-ақ біліп алам!

***

Жігіттің жолбарысы,
Арланы бар,
Ақиық,
Арғымағы, Тарланы бар.
Жұтаса мал-дәулеті, оқасы жоқ,
Татитын мал-дәулетке арманы бар.

***

Ақтарылып бағайын,
Аңғарғайсың бар мәнін:
Айныса да ағайын,
Айнымасын арманың!

Асау өзен, асылы,
Ағар бұзып арнаны.
Азайса да асылың,
Азаймасын арманың!

Жанға шипа бал түні
Жұлдызыңды қармағын...
Жоғалса да алтының,
Жоғалмаған арманың!

Жолын қуып жаманның
Жұқтырмайтын арға шаң
Арманы үлкен Адамның
Өзі де үлкен әрқашан!

***

Той-думанға,
Қыз-қырқынға алақтап,
Жастығымды өткізбедім далақтап.
Арман шіркін – алтын ие,
Өмірде
Мен – жібек жіп қойған соған сабақтап.

Жұлдыз-ойға толса екен деп жыр-түнің.
Әлі күнге тапқан жоқпын бір тыным.
Жамап жүрмін көңілдерді сөгілген,
Жамап жүрмін жүректердің жыртығын.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 4 668
Рейтинг:
(голосов: 16)

.

. .