Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Арман қуып...)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Арман қуып...) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Арман қуып...) на казахском языке

Айтпашы,айтпасаң да білем, білем,
Білемін де күлемін, ренжімен.
Әзірге көзім де ашық, көңілім де ашық,
Жыланды ажыратам жылы өңдіден.
Мүмкін, қақың бар шығар мақтануға,
Алайда, асып-тасып, ақтарылма.
Кімдер болып, ал кімдер болмай жатыр,
Аумалы да төкпелі шақта мына.
Бақытты бол, жұлдызың жанған шығар,
Кез емес қой, бірақ та арман тынар.
Бір арманның беліне мінгеніңмен,
Бір арманың бұлақтап алдан шығар.
Адам, сірә, бақытын місе еткен бе,
Армандайық, армансыз кісі өткен бе.
Байламы жоқ бақытқа құлдық ұрмай,
He жетсін арман қуып, іс еткенге.
Көңілімізді бақытпен алдандырып,
Арман қуып келеміз, арман қуып.
Арман барда, арманға тоқтау бар ма?
Жан бар ма екен арманға салған құрық?!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Арман қуып... өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, , мұқағали мақатаев Арман қуып... өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағ, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Арман қуып...), Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Арман қуып...) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке