» » » Өлең: Мұхтар Шаханов (Жайықпен жүздескенде)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Жайықпен жүздескенде)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Жайықпен жүздескенде) казакша Өлең: Мұхтар Шаханов (Жайықпен жүздескенде) на казахском языке
Сәлем, ұлы Жайығым!
Толқынына кім салмады қайығын.
Кім шертпеді саған келіп шаттығын,
Кім жумады саған келіп айыбын.
Ғұмырында қозғалыстан таңбадың,
Заманалар қанатында самғадың,
Ғасырлар мен ғасырларды жалғадың,
Айтшы маған, бар ма сенің арманың?
Қуат-күші сендегі ұлы дарынның
Орталанса қайтер еді, Нарын құм?
Жадыратып сен ашпасаң қабағын,
Халі қалай болар еді даланың?
Сен айнысаң мінезіңнен дағдылы,
Қалай болмақ қарт Каспийдің тағдыры?
Жұрт көп еді атақ-даңқтан үмітті,
Оның көбін қатал тарих ұмытты.
Туған Отан мәңгі ұмытсын мені де,
Сендей өзен бола алмасам еліме!

***

Байқаймысың,
Байқаймысың
Мына ғажап тамашаны:
Бір адамға байланысты бір адамның болашағы.
Байыппенен көз жіберсең асау жылдар өрісіне,
Бір адамға байланысты бір адамның жеңісі де.
Бұл замани қағиданың мүмкін бе екен көнермегі.
Қозы Көрпеш аман тұрса.
Баян сұлу өлер ме еді?
Исатайды жеңбесе жау,
Махамбетті жеңер ме еді,
Қайран ақын тағдырының соққысына көнер ме еді?
Қайран ақын — сұңқар қиял, наркескен ой, батыл арман,
Исатайдан айрылғанда жер бауырлап жатып алған.
Бұдан асқан қайғылы түн қонған емес басына оның,
Досы барда алшысынан тұрушы еді асығы оның.
О, сұмдық-ай,
Жаулық сезім парасатты паналапты,
Исатайдың өлімімен Махамбетті жаралапты...
Қадірлім-ау,
Көз жіберші асау жылдар өрісіне,
Бір адамға байланысты бір адамның жеңісі де.
Кейде мені мұқатпақ боп жаулар сені жамандайды,
Ал егер сен жамандалсаң, бұл, әрине, маған қайғы.
Басымызға шиыр-шиыр күн туғанда құстаналы,
Кейде мені жеңу үшін жаулар саған күш салады.
Тайғақ, өмір жолдарында сүрінгенде тірек алар,
Сүйенішім сен екенін айтпастан-ақ біледі олар.
Әлемнің бар ажарынан бізге достық сымбаттылау,
Мен жадырап жүрсін десең, сен мықты бол, қымбаттым-ау

Автор: nurgul95 | 181 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Мұхтар Шаханов (Әке туралы жыр)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Әке туралы жыр)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Жігіттің екі сипаты)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Жігіттің екі сипаты)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Мен саған ғашық едім)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Мен саған ғашық едім)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Бақытты бол)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Бақытты бол)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Мұрын жайлы әзіл)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Мұрын жайлы әзіл)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Туған жерге оралу)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Туған жерге оралу)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Биге неге шақырмадың?)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Биге неге шақырмадың?)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Айналайын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Айналайын)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Қазақ дастарқаны)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Қазақ дастарқаны)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Өмір-өзен)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Өмір-өзен)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Әке үкімі)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Әке үкімі)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Жайық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Жайық)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Тілек)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Тілек)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Қазақтың бас бұлшық еті)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Қазақтың бас бұлшық еті)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Түсінісу теоремасы)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Түсінісу теоремасы)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Алғашқы махаббатқа хат)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Алғашқы махаббатқа хат)

KZ / Өлеңдер жинағы, мұхтар шаханов Жайықпен жүздескенде өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Жайықпен жүздескенде, мұхтар шаханов Жайықпен жүздескенде өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша мұхтар шаханов өлеңдері мухтар шаханов олендери мухтар шаханов стихи на казахском Жайықпен жүздескенде, Өлең: Мұхтар Шаханов (Жайықпен жүздескенде) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке