Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Түсінісу теоремасы) » ZHARAR © 2016 | стихи мухтар шаханов на казахском языке, Мұхтар Шаханов Қазақша өлең, казакша олен Мұхтар Шаханов, стихи Мұхтар Шаханов на казахском языке, мухтар шаханов казакша олен, Мұхтар Шаханов өлеңдері , махамбет отемисулы олендери на казахском языке




  • »

Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Түсінісу теоремасы)

Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Түсінісу теоремасы) казакша Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Түсінісу теоремасы) на казахском языке

Қара бұлттай қайғы жапты бөлменi.
Адамзаттың алғыр, ұлы қыраны
Лев Толстой жатыр едi өлгелi.
Әйелi кеп қолын сүйiп, жылады:
"Тежей алмай мiнезiмнiң тасырын,
Өзiңменен өттi жарты ғасырым.
Мен бейбақты кешiре гөр.
Күнәм көп...
Keшipe гөp,
Keшipe гөр, асылым?!"
Өткен күнiн оймен шолып алыстан
Yнciз, iштей күбiрледi данышпан:
"Жә, кемпiрiм,
Жасыңды тый,
Жеттi ендi,
Жылап ешкiм қайыра алмас өткендi.
Қаштым сенен...
Саған жақын жүргенше,
Артық көрдiм жиhан кезiп кеткендi.
Жалғыз сенен қаштым ба екен мен бiрақ...

Ресейден бөлiнбестей болдым-ақ,
Iз бастадым күртiк қарды омбылап.
Күллi әлемдi тамсандырған ақылым
Сенен қолдау таппағаны қорлық-ақ.
Бiр шындық бар ешкiмнiң жоқ таласы -
Ұл-қызымның болдың ғазиз анасы.
Қартайғанда түсiнiспей, әттең-ай,
Жолымыздың қырсыққанын қарашы.
Дей алмаймын: "Маңдайымның сорысың...
Қамқорым боп создың қанша қол ұшын.
Бipaқ менi түсiнбедiң.
Түсiнуге және де
Тырыспадың...
Кешiрмеймiн сол үшiн,
Кешiрмеймiн сол үшiн..."
Күллi адами пенделiкпен алысқан
Қыран ойы тұрақ таппай ғарыштан,
Әйелiне қарап терең күpciнe,
Мәңгiлiкке көзiн жұмды данышпан.
Қайда,
қайда
көңiл сырын көзден ұғар нәзiктiк?
Yш өлшем бар -
Биiктiк пен тереңдiк, кеңдiк (яки жазықтық).
Бұл үшеуiн бағаламау - көзсiздiк hәм кереңдiк.
Ал түсiнбеу...
бақытсыздық болар ол.
Иә, адамдық қатынаста жоқ әлi де сара жол.
Оңай емес,
оңай емес бұл егес,
Қашан болсын бiрлiк жолы бұрыстау.
Керек десең, түсiнбестiк кiнә емес,
Қылмыспен тең - түсiнуге тырыспау.
Оһ, қаншама бұлақтарды жұрт түсiнбей суалтты.
Cөйтiп, қанша бәйтеректi қуартты.
Оһ, қаншама ұлыларды жұрт түсiнбей өлтiрдi,
Сөйтiп, мына тiршiлiкке үлкен зиян келтiрдi.
Бруноны отқа жаққан,
Галилейдi сотқа тартқан,
Бiржан салдың арқан байлап қолына,
Жылан болып Ұлықбектiң иiрiлген жолына
Түсiнбестiк едi ғой.
Соның бәрi адамзаттың сорына.
Түсiнбестiк аз жайды ма қанатын?
Мұнан асқан нала бар ма,
Ұлы Абайды сабаған да
Түсiнбестiк болатын.

Талантына тамсандырған талайды
Жазған шақта Әуезов сол "Абайды",
"Бұл туынды шыға алмайды белеске",-
Деп құлшына қарсыласқан,
Қияс ойға қамшы қосқан
Тағы да сол түсiнбестiк емес пе?
Ал Әуезов жолсыздыққа бұл сынды
Ызалана қол сiлтеп,
Iштей, үнсiз күрсiндi:
"Tүciнeтiн халық аман болсын", - деп.
Өткен - өттi.
Бiрақ бәpi есепте.
Қандай азап,
Қандай азап - ұғыспау.
Түсiнбеген кiнәлi емес десек те,
Қылмыспен тең - түсiнуге тырыспау.
Түсiнбестiк - секiлдi бip көк тұман
Сол көк тұман тудырады көп күмән.
Бip жас дарын көтерiлсе мiнбеге,
Жұрт түсiнбей қалмаса екен деп тұрам!

Байқаймысың,
Байқаймысың
Мына ғажап тамашаны:
Бip адамға байланысты бip адамның болашағы.
Байыппенен көз жiберсең асау жылдар өpiciнe,
Бip адамға байланысты бip адамның жеңiсi де.
Бұл замани қағиданың мүмкiн бе екен көнермегi,
Қозы Көрпеш аман тұрса, Баян сұлу өлер ме едi?
Исатайды жеңбесе жау, Махамбеттi жеңер ме едi,
Қайран ақын тағдырының соққысына көнер ме едi?
Қайран ақын - сұңқар қиял, наркескен ой,
батыл арман,
Исатайдан айрылғанда жер бауырлап жатып алған.
Бұдан асқан қайғылы түн қонған емес басына оның,
Досы барда алшысынан тұрушы едi асығы оның.
О, сұмдық-ай,
Жаулық сезiм парасатты паналапты,
Исатайдың өлiмiмен Махамбеттi жаралапты...
Қадiрлiм-ау,
Көз жiбершi асау жылдар өpiciнe,
Бip адамға байланысты бip адамның жеңiсi де.
Кейде менi мұқатпақ боп жаулар сенi жамандайды,
Ал егер сен жамандалсаң, бұл, әрине, маған қайғы.
Басымызға шиыр-шиыр күн туғанда күстаналы,
Кейде менi жеңу үшiн жаулар саған күш салады.
Тайғақ өмip жолдарында сүрiнгенде тiрек алар,
Сүйенiшiм сен екенiн айтпастан-ақ бiледi олар.
Әлемнiң бар ажарынан бiзге достық сымбаттылау,
Мен жадырап жүрсiн десең,
сен мықты бол, қымбаттым-ау.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 9 891
Рейтинг:
(голосов: 3)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .