Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Барселона әуежайындағы сұңқарлар) » ZHARAR © 2017 | стихи мухтар шаханов на казахском языке, Мұхтар Шаханов Қазақша өлең, казакша олен Мұхтар Шаханов, стихи Мұхтар Шаханов на казахском языке, мухтар шаханов казакша олен, Мұхтар Шаханов өлеңдері , махамбет отемисулы олендери на казахском языке




  • »

Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Барселона әуежайындағы сұңқарлар)

Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Барселона әуежайындағы сұңқарлар) казакша Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Барселона әуежайындағы сұңқарлар) на казахском языке

Бұл не өзi, әлде даңққа ғашықтық?
Талайлар жүр өлең-жырды кәсiп қып,
Десек тағы iскермiз hәм батылмыз,
Бiз солармен күресе алмай жатырмыз.
Кедергiлер көлденеңдеп күтпеген,
Пәле болды көңiл жықпастық деген.
Шығып жатыр,
Шығып жатыр құлшынып,
Бойсыз,
Ойсыз,
Тек ұшуға құштарлар,
Құштарлықтан тұра ма әлде тipшiлiк?!
Жеке күйттеп әдеттенген бас қамын
Бip-бipiнe ұқсас,
Ұcaқ құстардан
Тазартамыз қалай өнер аспанын??? -
Деген сұрақ алдымызды кес-кестеп,
Кешегiден келiп жеттi бүгiнге.
Қиын,
Қиын, ойланбасақ, түбiнде.
Құр қалбақтап ұшуды нысап тұтқан
Ұқсастық пен ұсақтықтан
Қашан қонар екенбiз бiз зор парасат-пайымға...

Барселона әуежайында
Болды бiрде ғажап жағдай таң қалар,
Кiлең ұсақ, майда құстар -
шымшық, торғай, қарғалар
Билеп алып аспанды,
Реактивтi ұшақтардың
Самғауына қиын кезең басталды.
- Бiздi мұнша әлек еткен,
Бұл күтпеген пәлекеттен
Құтылатын жол қайда,
Ғалымдардан, cipә, көмек болмай ма?
Дүлей үрей құшағында азап шектiк күнделiк,
Майда құстар турбинаға
Жойқын ауа толқынымен бipгe енiп,
Бес нән ұшақ icтeн шықты соңғы айда, -
Деп өтiндi ұшқыштардың бастығы
ғалымдардың басшысы - үлкен қасқа мандайға. -
Ғылым үшiн, мiне, жаңа тақырып".
Қасқа маңдай аз ойланып отырып,
Табыстады icтi басқа маңдайға.
Басқа маңдай ертiп басқа маңдайды
Жете зерттеп, түсiнгенмен мән-жайды,
Құпияның құлпы ашылмай қасарды,
Түрлi-түрлi тәжiрибе де жасалды.
Айлар өттi нәтижесiз күйбеңмен,
Ұшақтардың гүрiлiне әбден етi үйренген
Қу құстардың әуежайды басынғаны соншалық -
Бipiн-бipi шұрқыраса қарсы алып,
Бip-бipiнe қоштау айтып тамсанып,
Таңнан таңға масайрады ән салып.
Тым бейхабар мынадай "ғаламаттан",
Мадридте оқитын
Ұлын көpiп қайтуға бара жатқан,
Тарпаң тағдыр сарқа алмаған қуатын,
Құзар таудың баурайында тұратын
Орманшы қарт үлкен қасқа маңдайдың едi жақын туысы.
О, сәттiлiк десеңiзшi қандай бұл!
Күллi өмiрiн орман бұрған
Туысымен қасқа маңдай шай iштi.
Сосын өзiн толғандырған
Әpi қатты арландырған
Оқиғаға ойысты.
- Әй, балам-ай, балам-ай!

Ғалымсыңдар дүниенi нұрландырған талғамы,
Қолдарыңда - ғасырлардың толғағы.
Кейде ұстаз табиғатқа шәкiрт көзбен қарамай,
Шалыс басып қаласыңдар,
мынау - соның салдары, -
дедi орманшы күлiмдеп, -
Қиын салдар қиын сауал туындатты десе де,
Бұл - оп-оңай шешiлетiн мәселе.
Әуежайға төрт-бес сұңқар табыңдар,
Қайсарлығы көз арбайтын,
Ұсақ құсты көргенде төзе алмайтын
Сұңқар деген - тiршiлiкке нағыз iңкәр дарындар.
Еркiн ұшып шығу үшiн биiгiне қалаған,
Оларға сол арадан
Жайлы ұя салыңдар
Және ерекше жағдай жасап, бағыңдар.
Сонда майда құстардың сұсы қашып,
Eңceciн сұңқарлардың мысы басып,
Iздеу үшiн жанға жайлы басқа орын,
Тастай қашар сол әуежай аспанын.
Kөкipeгiн көрiктi ойға бөлеген
Орманшы қарт, шынында да, болып шықты көреген.
Ұсақ құстан күрт тазарып күллi әуежай аспаны,
Ұшақ бiткен еркiн самғай бастады.
Жеңiл соқпас осы қайсар заңдылықты меңгеру,
Саған қашан келер екен кемел кез?
Мiне, аға, сұңқарларға жол беру -
Майдаларға күрес ашу деген сөз.
Ал сен кiмгe,
қай сұңқарға жол бердiң?
Есiңде ме,
Кiмге кiмдi теңгердiң?
Қаптаған көп бала тайдан
Суырылып шыққан кезде дара тай,
Демедiң ғой "Алақай".
Жеткергенов Жебегенге,
Айбергенов Төлегенге
Бip көзбенен карап, обал жасадың ғой, ағатай!
Ендi бүгiн қолдан билiк, бойдан күшiң қашқанда
Жалтақтайсың жан-жағыңа,
алақтайсың аспанға,
- "Сүйенiшi,
Қамқоршысы,
Мектебi
Емес пе едiм,
Асқаны ма, неткенi?
Ебiн тапса, ысырады шеткерi,
Елемейдi, сыйламайды", - деп менi,
Өкпелейсiң ұқсас әpi ұсақ қанат жастарға.
Иә, олар қадiрiңе жетпедi!
Құтылам деме, өзгеге артып кiнәнi!
Сен жауап бересiң әлi,
Жолыңды салмай қиынға
Жөнiңдi таппағаның үшiн,
Сұңқарлар болған жиында
Шымшықты мақтағаның үшiн.
Құр қалбақтап ұшуды нысап тұтқан,
Ұқсастық пен ұсақтықтан
Бiз әрдайым тиiстiмiз қорқуға.
Не ғаламат жатыр мына дүлей ғасыр ойында?
Желтең,
Мазаң ойменен
Жүргендеймiн кейде мен
Барселона әуежайында.
Бip кез әлгi орманшы кеп қасыма,
Балап менi баласының досына,
Мейiрiммен күлiмсiреп жанары:
- Әне, ұлым,
Уақыттың талабы
Ерте, кеш пе, бәрiн жөнге салады.
Сұңқарына жағдай жасамаған ел
Майдалардың мазағына қалады, -
деп тұрғандай болады.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 3 631
Рейтинг:
(голосов: 13)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .