» » » Өлең: Қалижан Бекқожин (Кездесу)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Кездесу)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Кездесу) казакша Өлең: Қалижан Бекқожин (Кездесу) на казахском языке
Кездесті бұл екеуі
Түн ішінде құмда бір.
Бұрылып қалай өтеді?—
Қалың оба, сұр дауыл.
— Ей, бұрыл да, тұра тұр,
Мен өтейін, жолды бер.
— Жоқ, өзің-ақ бұра тұр,
Асығыспын, бол, жібер.
— Бұрыл, уақыт кетірме,
Суыт жүрмін мен тіпті
Мал жайлымы шетіне,
Алып келем бұл жүкті.
— Я, мен де солаймын...
Бетпақ шөлдің өрінен,
Жүріп келем талай күн,
Моторлармен, темірмен...
— Таныс маған дауысың,
Айтшы, досым кім едің?
Құмда шофер танысым,
Жоқ еді ғой, білемін.
— МТС-ке келдім мен,
Шофері едім қаланың.
— Мен де келіп Сибирьден,
Жайлау жолын қаладым...
Майданда сен болып па ең?
— Біз ғой, өткен бұрын кеп —
Гвардия полкпен,
Днепрден дүбірлеп.
— Мен де өткемін, тап сол түн
Қисайған тар көпірден.
Днепрге — қан толқын,
Ар жағы жау бекінген.
— Уа, Колечка!
— Бекенім!
Майдан досым, кел бері!—
Құшақтасты екеуі,
Кең көтеріп кеудені.
Қоса шегіп шылымды,
Машинаны суарып...
Достық кеңес құрылды,
Жол сырлары сұралып.
— Онда майдан... мұнда да
Шоферге әлі жол ауыр.
Жүргізбейді бұл дала,
Бұрқап кейде құм дауыл.
— Жорту қызық жапанда,
Іздеп алыс жайлауды.
Келсем жүйткіп отарға
Қойшы жүзі жайнайды.
Мен де қырға қызығам,
Бұл бір рақат іс мүлде,—
Толқып жатса қызыл дән,
Машинаның үстінде.
— Жолдар жақсы зулаған
Жарып дала қу шөлін.
Қуаныш қой бұл маған...
Партияға мүшемін.
— Ендеше дос, қимылда,
Уақытты бос кетірме.
Шұғыл, шапшаң бұрыл да...
Бұрылғандай көпірде.
Екеуі де бұрылды,
Өтті жарып өр белді.
Тездікпенен бұрынғы,
Құйындата жөнелді

Автор: nurgul95 | 131 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қалижан бекқожин Кездесу өлең стихи на казахском калижан беккожин олен казакша, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан беккожин олендери, калижан беккожин стихи на казахском, Кездесу, қалижан бекқожин Кездесу өлең стихи на казахском калижан беккожин олен казакша қалижан бекқожин өлеңдері калижан беккожин олендери калижан беккожин стихи на казахском Кездесу, Өлең: Қалижан Бекқожин (Кездесу) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке