» » » Өлең: Қалижан Бекқожин (Шет өлкеде жат елде)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Шет өлкеде жат елде)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Шет өлкеде жат елде) казакша Өлең: Қалижан Бекқожин (Шет өлкеде жат елде) на казахском языке
Шет өлкеде, жат елде,
Туған жерден тым жырақ,
Түн күзетте жүргенде,—
Түндей қатып тұнжырап.
Маған дұшпан көрінді,
Мынау саған табиғат.
Әлде неден сумаңдап,
Сиқырлы өзен ақты екен?
Оқтар өтті зымырап,
Әлде кімді атты екен?
Сұп-сұр суық жат ағаш,
Сусылдайды жапырақ.
Түксиіп түр қара тас,
Бәрі мені жатырқап...
Шет өлкеде, жат елде,
Түнерген тау өзегін,
Түнделетіп жүргенде,
Түсті есіме өз елім,
Қайран менің өз елім,
Туған тауым, орманым,
Аспаны алтын кең далам,
Кең пейішім — қорғаным!
Сүйікті еді орманым,
Жасыл ағаш, гүлімен
Сүюші едім сондағы,
Сайраған құс үнін мен.
Онда таудың тасы да,
Менің ескі танысым.
Менің сыршыл досым да
Шулы өзен ағысы.
Туған жердің түні де
Сырлас еді менімен,
Алатаудың гүлі де
Маған қыз боп керілген...
Тұр жарқырап есімде
Қаракөзбен жүргенім.
Түнгі бақтың ішінде
Сүйіскенім, күлгенім.
Енді маған бұл жақта,
Үрей салды түн мынау,
Шулы су да, жапырақ та,
Бәрі маған болды жау.
Енді менің үстімнен,
Албастысы аттамақ,
Серігім сен, күштім сен —
Сақ бол досым, автомат!

Автор: nurgul95 | 105 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қалижан бекқожин Шет өлкеде жат елде өлең стихи на казахском калижан беккожин олен казакша, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан беккожин олендери, калижан беккожин стихи на казахском, Шет өлкеде жат елде, қалижан бекқожин Шет өлкеде жат елде өлең стихи на казахском калижан беккожин олен казакша қалижан бекқожин өлеңдері калижан беккожин олендери калижан беккожин стихи на казахском Шет өлкеде жат елде, Өлең: Қалижан Бекқожин (Шет өлкеде жат елде) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке