» » » Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Н.Қ. ханымға)

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Н.Қ. ханымға)

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Н.Қ. ханымға) казакша Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Н.Қ. ханымға) на казахском языке
Рақатсыз өтсе де өмір жасым,
Бұл жөнімнан Құдайым айырмасын.
Ұзақ жолға ниет қып бір шыққан соң,
Жарым жолдан қайтпаспын, қарындасым!
Су да болар ол жолда, тау да болар,
Жаудың оғы, жайған тор, ау да болар.
Мынау пайда,мынасы зиян демек,
Ол ерліктің ісі емес, сауда болар.
Шалдығатын, шаршайтын жерлер де бар,
Шалдыққанға мұқалмас ерлер де бар.
Қайратанып, қажымай тырмыссаң да,
Шыққызбайтын жолыңды ерлер де бар.
Шаршайды деп ойлама шалдыққанан,
Ұзақсынып жатпаспын жалыққаннан.
Жұрт, қолымнан келмесе, өкпелемес,
Барын сақтап, мен аяп, алып қалман.
Ел мұнымды білемін ұқпайтынын,
Көтермеге талғанда шықпайтынын,
Шалыс басып аяқты, жығылғанда,
«Жатқаныңнан тұрма!» деп мықтайтынын.
Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Төннен басқа немді алар өлім менен?!
Өлген күні апарып тығары - көр,
Мен жоқ болман көміліп тәнімменен.
Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындай мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін

Автор: nurgul95 | 141 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, ахмет байтұрсынұлы Н.Қ. ханымға өлең ахмет байтурсынов олен, ахмет байтұрсынұлы өлеңдері, ахмет байтурсынов стихи на казахском, ахмет байтурсынов олендери, Н.Қ. ханымға, ахмет байтұрсынұлы Н.Қ. ханымға өлең ахмет байтурсынов олен ахмет байтұрсынұлы өлеңдері ахмет байтурсынов стихи на казахском ахмет байтурсынов олендери Н.Қ. ханымға, Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Н.Қ. ханымға) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке