Мұқағали Мақатаев (Сол түні)

 Мұқағали Мақатаев (Сол түні)

Ауады да тұрады, аңсарым-ай!
Әлі сен есімдесің, Аршалы сай.
Сол түні неге мені өлтірмедің?
Сол түні риза едім алса құдай.
Сен куә, Аршалы сай,
Сол түні мен,аққуға тұзақ салын, өлтіріп ем.
Сол түні неге мені аяп қалдың?
Жаңадан ауызданған бөлтірік ем.
(Бөлтірік ем, арлан боп аяқтандым.)
Шырылдап сонда сені оятқан кім?
Есіңде ме,Көз жасы...
Жалынышты үн?..
Сол түні неге мені аяп қалдың?!
Қара түннің ішінде, қара бақтың,
Атар таң, келер күнге қарамаппын.
Тағдырдың өзі берген махаббатты,
Тәрк етіп, мәңгілікке жаралаппын...
Аршалы сай!
Неғылған көркем едің!
Сол түні неге мені өртемедің?
Сол түннің қияметін есіме алсам,
Сенен де, өзімнен де жиіркенемін

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?