Қазақша өлең: Қадір түні » ZHARAR © 2017 | қадір түні өлең, қадір түні туралы өлеңдер, кадыр тун олен, кадыр тун олен казакша, кадыр тун стихи на казахском




  • »

Қазақша өлең: Қадір түні

Қазақша өлең: Қадір түні казакша Қазақша өлең: Қадір түні на казахском языке

Алыс-алыс елдер де,
Асу-асу белдер де,
Тілек тілер Тәңірден,
Қадір түні келгенде.

Қадір түні ардақты мың айдан да,
Шаттық нұры шашылсын мұңайғанға,
Дәулет беріп немесе нәубет беріп,
Өзі жаратқан құлдарын сынайды Алла.

Салып қойған тағдырға терең өрнек,
Бір Тәңірден білгір де көреген жоқ,
Тілейікші адамзат баласына,
Иман менен игілік бере көр деп.

Татулығын тілейік ел мен елдің,
Көлеңкесін түсірмей көлденең мұң,
Мейірімін оят деп жүректердің,
Пейілдерін кеңейт деп пенделердің.

Ала-құла ойлардан арылса көп,
Қуаныштан жүректер жарылса тек,
Жамағат боп тілейік Жаратқаннан,
Жақсылықпен жер бетін жарылқа деп.

Ақиқаттан адаспай мың сан арман,
Жайнаң қағып жұлдыздай тұрса да алдан,
Кірпік ілмей шығар ед таң атқанша,
Қадір түннің қадірін білсе адамдар.

Өлеңді жазған: Серік Мақұлбекұлы Қалиев


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 2 608
Рейтинг:
(голосов: 1)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, қадір түні өлең, қадір түні туралы өлеңдер, кадыр тун олен, кадыр тун олен казакша, кадыр тун стихи на казахском, қадір түні өлең, қадір түні туралы өлеңдер, кадыр тун олен, кадыр тун олен казакша, кадыр тун стихи на казахском, Қазақша өлең: Қадір түні қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .