Қазақша өлең: Қанат Дауылбаев (Рамазан – күллі айлардың сұлтаны)

Алла бізге парыз етіп ұсынған,
Ораза тұт, нәпсіңді тый, мұсылман.
Оразадан жан-дүниең жаңарып,
Тән тазарар тәхарат пен ғұсылдан.
Мейіріммен шексіз сүйер Хақ құлын,
Мойынсұну – парызы әрбір жақсының.
Әрекет қыл, пенделікті тыюға,
Ұстамдылық – құлпы деп біл нәпсінің.
Есіңе алсаң, есеп берер кезіңді,
Хақ жолында бекем ұста өзіңді.
Елемейсің аптабында шілденің,
Сенімменен серік етсең төзімді.
Құранды оқып түйсең ойға игі ілім,
Орындасаң талап еткен бұйрығын,
Оразашы үміт етсе сауаптан,
Алла өзім берем деген сыйлығын.
Ей, жамағат, жолдас қылсаң сабырды,
Көркем мінез қалыптасар тәлімді.
Рамазанда Қадір деген бір түн бар,
Қасиеті мың айдан да қадірлі.
Ораза тұт, нәпсіңді тый, мұсылман.
Оразадан жан-дүниең жаңарып,
Тән тазарар тәхарат пен ғұсылдан.
Мейіріммен шексіз сүйер Хақ құлын,
Мойынсұну – парызы әрбір жақсының.
Әрекет қыл, пенделікті тыюға,
Ұстамдылық – құлпы деп біл нәпсінің.
Есіңе алсаң, есеп берер кезіңді,
Хақ жолында бекем ұста өзіңді.
Елемейсің аптабында шілденің,
Сенімменен серік етсең төзімді.
Құранды оқып түйсең ойға игі ілім,
Орындасаң талап еткен бұйрығын,
Оразашы үміт етсе сауаптан,
Алла өзім берем деген сыйлығын.
Ей, жамағат, жолдас қылсаң сабырды,
Көркем мінез қалыптасар тәлімді.
Рамазанда Қадір деген бір түн бар,
Қасиеті мың айдан да қадірлі.
Автор: ZHARAR | 10 006 |
Загрузка...
Рекомендуем:

Пайдалы кеңес жинағы
Айлардың төресі - Рамазан

Шығармалар жинағы
Шығарма: Түн жамылған тонаушыма айналған - Рамазан айы!

Өлеңдер жинағы
Өлең: Адамдық борышың

Пайдалы кеңес жинағы
Рамазан айы. Оразадан күтілетін пайдалар

Пайдалы кеңес жинағы
Рамазан айына дейін оразаның қарыз күндерін қашан өтеу керек?

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Ораза)

KZ
Қадір түнін құлшылықпен өткізген адам мол сауапқа кенеледі

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қанат Дауылбаев (Бас парыз)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қанат Дауылбаев (Иман келтіру)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Қанат Дауылбаев (Намаз)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қанат Дауылбаев (Зекет)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қанат Дауылбаев (Қажылық)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Рамазанмен қоштасу...)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қадір түні

Пайдалы кеңес жинағы
Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Жарапазан)