Қазақша өлең: Қанат Дауылбаев (Иман келтіру) » ZHARAR © 2016 | қанат дауылбаев Иман келтіру өлең стихи на казахском канат даулбаев казакша олен, қанат дауылбаев өлеңдері сайты, стихи на казахском языке канат даулбаев, канат даулбаев олендери, Иман келтіру




  • »

Қазақша өлең: Қанат Дауылбаев (Иман келтіру)

Қазақша өлең: Қанат Дауылбаев (Иман келтіру) казакша Қазақша өлең: Қанат Дауылбаев (Иман келтіру) на казахском языке

Хаққа сену – мұсылманның міндеті,
Алейһиссалам Мұхаммедтің үмбеті.
Иман менен сыйға тартқан Исламды,
Бұл Алланың бізге деген нығметі.

Ұғынарсың болсаң егер байыпты,
Мадақ айту, бір Аллаға лайықты.
Бұйрығына бойұсыну – парызың,
Иман келтір, көрмей, сезбей ғайыпты.

Нәпсіге еріп, бой алдырма күмәнға,
Жасаушы да, алушы да бір Алла.
Сенім артып Расулалла ізімен,
Иман келтір Құдай сөзі – Құранға.

Момын болсаң парасатты, білікті,
Ойдан шығар күпірлікті, күдікті.
Жүрегіңе нұр құйылар күмәнсіз,
Ұялатсаң сенім менен үмітті.

Алла сөзі, бізге міндет иман бақ,
Иланбаған ақыретте қиналмақ.
Ғибадат қыл мүмкіндігің барында,
Иман келтір: Лә иллаһа иллаллаһ.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 253
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .