Қазақша өлең: Қанат Дауылбаев (Қажылық)

Қазақша өлең: Қанат Дауылбаев (Қажылық) казакша Қазақша өлең: Қанат Дауылбаев (Қажылық) на казахском языке

Алланы атап тіл ұстартсаң сеніммен,
Сол сәттен-ақ саған көңілі бөлінген.
Күллі момын құбыласы Қағбаға,
Тәуап ету мәртебесі берілген.

Кеудең толса кәміл иман ырысқа,
Сеніміңді шынайы әрі нық ұста.
Ихрамға оранғанда барша жан,
Бөлінбейді бай-кедей боп ұлысқа.

Зерделілер ақылға сап пайымдар,
Басқан қадам әр ізінде уайым бар.
Қалта сөйлер базар емес қажылық,
Бұл сапарға ақ ниетпен дайындал.

Сәтсіздікті белден басып тақымдап,
Қоғамыңда жүрсең-дағы ақыңды ап.
Қажылықта сенің күшің жүрмейді,
Тәубеге кел, Жаратқанға жақындап.

Бой ұсынып үндеуіне ақылдың,
Жүрегіме иман дәмін татырдым.
Сөз түзелсе ақ жолымен Алланың,
Сол емес пе көксегені ақынның.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, қанат дауылбаев Қажылық өлең стихи на казахском канат даулбаев казакша олен, қанат дауылбаев өлеңдері сайты, стихи на казахском языке канат даулбаев, канат даулбаев олендери, Қажылық, кажылык туралы олен, Қажылық туралы өлеңдер, Қажылық туралы өлең, стихи на казахском языке про кажылык, қанат дауылбаев Қажылық өлең стихи на казахском канат даулбаев казакша олен, қанат дауылбаев өлеңдері сайты, стихи на казахском языке канат даулбаев, канат даулбаев олендери, Қажылық, кажылык туралы олен, Қажылық туралы өлеңдер, Қажылық туралы өлең, стихи, Қазақша өлең: Қанат Дауылбаев (Қажылық), Қазақша өлең: Қанат Дауылбаев (Қажылық) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке