Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Беташар)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Беташар) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Беташар) на казахском языке

Боз ала ауыл жастары,
Бозбала күнін тастады.
Боз жаулық жауып қыздарға,
Шаңырақ құра бастады.
Жиылып жекжат ой-қырдан,
Ауылда күнде той-думан.
Жалғыз ұлы әкенің
Жалғыз атын да сойдырған.
Үйленді біздің, ағай да.
Үйленбе деуге қарай ма.
Бәсіре жалғыз көк тайын,
Сойғызып жатыр сарайда,
Той жасап бермек қалайда.
Ағайдың тойы жасалды.
Арманым еді қашанғы.
Қуанған көңлі босанды,
Әжем де көзге жас алды
Келіннің бетін ашқан-ды.
Иіліп байғүс жасқанды.
Жасқанды-дағы... жас қалды...
Ертесі соғыс басталды,
Алды да кетті жастарды.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, беташар туралы өлең, мұқағали мақатаев Беташар өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, , беташар туралы өлең, мұқағали мақатаев Беташар өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатае, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Беташар), Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Беташар) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

  • Анализ сайта www.zharar.com