» » » Өлең: Мұқағали Мақатаев (Күн бүгін күңіреніп)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Күн бүгін күңіреніп)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Күн бүгін күңіреніп) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Күн бүгін күңіреніп) на казахском языке
Күн бүгін тұрып алды күреңітіп,
Шіркіннің ашылмайды реңі түк.
...Күреңіткен ауылдың сырт жағында,
Мені де отыр ма екен біреу күтіп.
Күн сияқты ол-дағы күреңітіп.
Кім күтсін, кім жоқтасын онда мені,
Күтетін бір махаббат болған еді,
Күте-күте күдерін үзген шығар,
Күреңіткен мына күн сол ма тегі?!
Бұл күнде жоқ - әжелер, аталарым,
Кім күтсін, кімнен барып бата аламын.
Кім сейілтсін көңілді қападағы,
Кімге керек «дәрежем», атақ-арым?!
Мансап, атақ, дәреже?!
Қайдан болсын.
Әлдеқашан жығылған сайран-қосым,
Арсалаңып алдымнан шығатұғын,
Қырда жатыр қимасым, қайран досым.
...Күн бүгін күреңітіп тұрып алды.
Көңілім күнге қарап құбылады.
Аямасаң аяма! Енді менде
Алынбаған не әкеңнің құны қалды!?

Автор: nurgul95 | 153 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Күн бүгін күңіреніп өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Күн бүгін күңіреніп, мұқағали мақатаев Күн бүгін күңіреніп өлең мукагали макатаев олен мұқағали мақатаев өлеңдері мукагали макатаев стихи на казахском мукагали макатаев стихи на казахском языке Күн бүгін күңіреніп, Өлең: Мұқағали Мақатаев (Күн бүгін күңіреніп) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке