Мұқағали Мақатаев (Ей қылмыстылар!)

 Мұқағали Мақатаев (Ей қылмыстылар!)

Ей, қылмыстылар
түрмелерде қамалған,
Кесілгендер өлімге,
жанын жалдап, жан алған,
Жазалылар
Кісенделген темірмен,
Неге мені соттамайды?!
Артық еді менің нем?!
Мен де қатал,
кәрлі, малғұн түс-өңсіз,
Менің неге аяқ-қолым кісенсіз?!
Жезөкшелер
тротуарлармен жүгірген,
Күркелерінде күнәнің уын сімірген,
Сендерге айып тағамын қайтіп бүгін мен,
Сендерден де өткен,
Сендерден арсыз сұрыммен?
Айыптымын!
Арқалап айып келемін,
оны өзім де сезгемін,
Мақтамаңдар,
кетсін аулақ,
жағымпаздық сөздерің!
Сендер көрмес,
сендер білмес жайдың бәрін сезгемін!
Сыртым бүтін,
мына біреу қорабымның ішінде,
Ішім түтін, ыластанып, жан әуреге түсуде.
Мына жалған,
салқын қанды пішінде,
Тулар жатқан толқын-тамұқ күшінде.
Зинақорлық,
опасыздық —
барлығы да тән маған,
Сайқалдармен сайран салып,
сүйіп, сезім арнағам.
Мен де — айыпкер,
мен — жезөкше,
мен сендердей сезінем,
Бастай тұрып,
осы сәттің өзінен,
Безінбеймін сендерден,
өзімнен қайтіп безінем

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі