Ыбырай Алтынсарин (Қарға мен түлкі)

 Ыбырай Алтынсарин (Қарға мен түлкі)

Ашылып түлкі жүрді жапандарда,
Тамақ іздеп жол шекті сапарларға...
Ешнәрсені көре алмай келе жатса,
Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға.
Жүгіріп түлкі соған жетіп келді,
Қарға ағаштың басында мұны көрді.
Тістегені аузында тәтті ірімшік,
Оны көріп түлкі - екең сөйлей берді.
«Қарға батыр, әр сөзің күміс, алтын.
Сырттан халқаң тілейді барша халқың.
Қарға әніңдей әуез жоқ деп.
Осылайшы шығады сыртқа даңқың.
Сандуғаш, бұлбылдарды көріп едім,
Жүзіңді бір көруге келіп едім,
Даусыңды бір шығаршы шаттанайын,
Сырттан асық болғаннан өліп едім».

Басын салып, құйрығын бұлғаңдатып,
Екі көзін қарғаға қылмаңдатып.
«Қарға тақсыр, көз жасым көріңіз»,- деп,
Жыламсырап сөйлейді жылмаңдатып.
Масаттанып бұл қарға сілкінеді,
Ішін тартып миықтан бір күледі.
«Арып - ашып алыстан келген шығар,
Көңілі тынып кетсінші, шіркін», - деді.
Мақтау сөзге семіріп, судай тасып,
Пәрменінше « қарқ » етті аузын ашып;
Қарқ еткенде, ірімшік жерге түсіп,
Оны кетті түлкі - екең алды қашып.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен