» » » Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қарға мен түлкі)

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қарға мен түлкі)

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қарға мен түлкі) казакша Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қарға мен түлкі) на казахском языке
Бір түйір ірімшікті тауып алып,
Ағашқа Қарға қонды ұшып барып.
Тоқ санап ірімшікті көңіліне,
Жей қоймай, отыр еді ойға қалып.
Қашаннан белгілі аңқау ала Қарға,
Нәсіпке бұйырмаған шара бар ма?
Шығатын шығасыға болып себеп,
Ағашты Түлкі залым аралар ма!
Тістеген ірімшігін Түлкі көріп,
Аяғын ептеп басып жақын келіп:
«Уһ! - деді, - көретін де күн бар екен,
Жүруші ем сырттан асық болып өліп!
Тамаша қарағанға түрің қандай,
Мынау көз, мынау мойын, мұрын қандай!
Гауһардай қанаттарың жарқырайды,
Келісті қалай біткен және маңдай!
Көркемдік сипатыңнан табылғанда,
Даусың да болса керек шырын-балдай!
Көптен-ақ дабысыңды естісем де,
Болған соң келе алмадым жерім шалғай.
Сені іздеп келіп тұрмын алыс жерден,
Сұлу деп мақтаған соң әркім көрген.
«Халық айтса, қалып айтпайды» деген рас,
Арман жоқ жанда сені көріп өлген!
Көркіңді бітіре алман жазып хатқа,
Я сөйлеп жеткізе алман айтып жатқа.
Мен қайран: «Неғып патша қоймаған?» - деп,
Даусың да сипатындай болған шақта!
Нұрынды күн секілді көріп тұрмын,
Шыдамай, бойым балқып, еріп тұрмын.
Даусынды тым болмаса бір шығаршы,
Естуге құмар болып өліп тұрмын».
Мәз болып, мақтағанға насаттанып,
Қайтпасын, деп ойлады, сағы сынып.
Алыстан арып-ашып іздеп келген
Байғұстың кетсін деді көңілі тынып.
Өтірік мақтағанға Қарға еріп,
«Қарқ» етті пәрменінше жағын керіп.
Ірімшік «қарқ» еткенде жерге түсіп,
Жеп алып Түлкі кетті жортып-желіп.

* * *
Қарасақ, көп адамдар Түлкі боп жүр,
Залымдық өтірік пен мүлкі боп жүр.
Солардың сұмдығына түсінбеген
Қарғадай жұртқа мазақ, күлкі боп жүр.
Жұрт едік аңқау өскен қазақ болып,
Далада кең сахара көшіп-қонып.
Алдаған залымдардың тіліне еріп,
Жүрмесек жарар еді мазақ болып

Автор: nurgul95 | 284 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қайырымды түлкі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қайырымды түлкі)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Арыстан киік һәм түлкі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Арыстан киік һәм түлкі)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сонарда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сонарда)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қарға адым жерде тұр еді менің бақытым..)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қарға адым жерде тұр еді менің бақытым..)
Ертегі: Түлкі мен ешкі
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Түлкі мен ешкі
Ертегі: Қарға мен құрт
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Қарға мен құрт
Ертегі: Түлкі мен маймыл
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Түлкі мен маймыл
Ертегі: Түлкі мен құмыра
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Түлкі мен құмыра
Ертегі: Түлкі мен қырғауыл
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Түлкі мен қырғауыл
Ертегі: Түлкі  қараторғай және қарға
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Түлкі қараторғай және қарға
Ертегі: Түлкі мен Қораз
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Түлкі мен Қораз
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Қарға мен құрт)
Әңгімелер жинағы
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Қарға мен құрт)
Қазақша өлең: Асқар Тоқмағамбетов (Түлкі мен көкқұтан)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Асқар Тоқмағамбетов (Түлкі мен көкқұтан)
Қазақша өлең: Крылов Иван (Қарға мен түлкі) [Абай аудармасы]
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Крылов Иван (Қарға мен түлкі) [Абай аудармасы]
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жауға түскеннің сөзі)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жауға түскеннің сөзі)
Қазақша өлең: Ыбырай Алтынсарин (Қарға мен түлкі)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ыбырай Алтынсарин (Қарға мен түлкі)

KZ / Өлеңдер жинағы, ахмет байтұрсынұлы Қарға мен түлкі өлең ахмет байтурсынов олен, ахмет байтұрсынұлы өлеңдері, ахмет байтурсынов стихи на казахском, ахмет байтурсынов олендери, Қарға мен түлкі, ахмет байтұрсынұлы Қарға мен түлкі өлең ахмет байтурсынов олен ахмет байтұрсынұлы өлеңдері ахмет байтурсынов стихи на казахском ахмет байтурсынов олендери Қарға мен түлкі, Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қарға мен түлкі) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке