Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ұл туса)

Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ұл туса) казакша Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ұл туса) на казахском языке

Күн қақты ердің астында
Көп жүгіретін күлік бар.
Көн садақтың ішінде
Көбе бұзар жебе бар.
Қарайғанның, жігіттер,
Бәрін кісі демеңіз -
Күпе-күндіз тайраңдап,
Түзге шықпас ерлер бар.
Тауда болар тарғыл тас,
Тарықса шығар көзден жас.
Ордалыға көз салсаң,
Оғы қалса жоғалмас.
Топтан озған тарлан боз,
Тұрасынан айрылса,
Тасты басып тұра алмас.
Асылдан болат ұл туса,
Екі жақ болып тұрғанда,
Егескен жерде шарт кетер,
Жауырынынан өтін алса да
Жамандарға жалынбас!
Туған ұлдан не пайда?
Алтын тақты хандардың
Хандығынан не пайда,
Қаріп пенен қасірге
Туралық ісі болмаса?
Алаштың байлығынан не пайда,
Құланнан басқа ел таппай,
Қонарына жер таппай,
Маңқиған сары даладан
Екіндіде құлаған
Тарығып келген ерлерге
Қайыры оның болмаса?
Ақ жұмыртқа, сары уыз,
Әлпештеп қолда өсірген
Туған ұлдан не пайда,
Қолына найза алмаса,
Атаның жолын қумаса?!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, стихи махамбет отемисулы на казахском языке, махамбет өтемісұлы Қазақша өлең, казакша олен махамбет утемисов, стихи махамбет утемисов на казахском языке, махамбет утемисулы казакша олен, махамбет өтемісұлы өлеңдері, махамбет отемисулы олендери на казахском языке, стихи махамбет отемисулы на казахском языке, махамбет өтемісұлы Қазақша өлең, казакша олен махамбет утемисов, стихи махамбет утемисов на казахском языке, махамбет утемисулы казакша олен, махамбет өтемісұлы өлеңдері, махамбет отемисулы олендер на казахском, Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ұл туса), Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ұл туса) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке