Қазақша өлең: Хамит Ерғалиев (Тоғысу) » ZHARAR © 2017 | хамит ерғалиев Тоғысу өлең стихи на казахском хамит ергалиев казакша олен, хамит ерғалиев өлеңдері, стихи на казахском языке хамит ергалиев, хамит ергалиев олендери, Тоғысу




  • »

Қазақша өлең: Хамит Ерғалиев (Тоғысу)

Қазақша өлең: Хамит Ерғалиев (Тоғысу) казакша Қазақша өлең: Хамит Ерғалиев (Тоғысу) на казахском языке

Волга - Дон өзен екі өзен жарысып,
Білуші ек мың жылдар аққанын;
Жазда жел долданып әрі ысып,
Екі орта елге мұң шаққанын.
Білуші ек бұл екі дарияның
Толқынын теңіздер жұтқанын,
Қайығын ұрлап ап қарияның,
Бурлақтың көйлегін жыртқанын.
Білуші ек Октябрь кезінен
Екі өзен ел жүгін артқанын;
Қемелер жаңылмай ізінен
Алға тек жалғайтын арқанын.
Міне енді екі өзен қол созды
Біреуін біреуі сүйгелі;
Кездесіп далада колхозды,
Ақ бұйра бастарын игелі.
Жолдағы төбелер жоғалды,
Көк орман күзетті арнаны -
Сарқырап өмірге жол алды
Халықтың қашанғы арманы.

Келеді!
Келеді!
Келеді!
Толқындар тоғыспақ жеріне,.
Жолшыбай қарызын төледі,
Көл берді енбентің еріне.
Екі өзен сапарын кім кәрсе,
Сол құрмет көрсетті жол үсті:
Балалар уыстап кұм берсе,
Толқындар шуласып бөлісті.
Кетті су өрмелеп белге де,
Кеудесі жер-көкке симады;
Шлюздар мырзасып, желге де
Моншақтай көбігін сыйлады.
Өткізген оңаша күндерін
Екі езен тоғыспай тынбады,
Не заман аңсаған үндерін
Жүлгеден жүгіре тыңдады.
Мінеки,
Екі өзен сүйісті,
Бір-бірін мәңгі алды құшаққа,
Кейінгі толқынын жиысты,
Бір шықты далаға, қыстаққа.
Екі өзен өмірге жөн сұрап,
Арнадан асығыс жөн еді;
Кешқұрым жамылып жапырақ,
Күнбағыс түбіне түнеді.

Еңбектің еді ғой алды сын,
Былтыр қыс, былтыр жаз, былтыр күз
Алдағы мың жылдың алғысын
Ал, бүгін қабылдап біз тұрмыз!
Партия, өзіңсің, мың жылдаір
Жеңіске бастаған сен елді;
Команда беріп ең:
Тың жолдар
Өмірге өзен боп жөнелді.
Идеяң дәл менің төбемнен
Мың жылдың жұлдыз қып жағары.
Жұлдызым, көрейін төбемнен,
Тағы бір көтеріл, жоғары!

Алматы, 1952


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 71
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .