Орталық мешітке қатысты дау ушығып барады » ZHARAR © 2017 | Орталық мешітке қатысты дау ушығып барады қазақша жаңалық, казакша жаналык Орталық мешітке қатысты дау ушығып барады, свежие новости на казахском Орталық мешітке қатысты дау ушығып барады




  • »

Орталық мешітке қатысты дау ушығып барады

Осыған дейін имамдарға қатысты масқара мәлімдеме жасаған Жанар Боранбаева бүгін Діни басқарма алдында шу шығарып, мешіт қызметкерлерінің жауап беруін талап етті.

Алайда, Діни басқарма қызметкерлері алғашында зардап шеккен қыз алдында ақталмақ түгілі, камераны көре сала тұра қашты.

Наиб имамдарға қатысты жағаны ұстатар жайттарды жайып салған Жанар Боранбаева орталық мешітке ашуланып келіп, ұстаздарын іздеді. Қолында мешіт жанындағы сауат ашу курсын бітіргенде берілген, мөр басылған сертификаты бар. Мешіт қызметкерлеріне құжатын көрсетіп, өзінің дәріс алғанын дәлелдемек болды. Имамдар Боранбаева бізде мүлде оқымаған деген еді.

"Имамдарды жина! Жауап берсін! Мені осы жерде оқыған жоқ деген кім? Тез жиналыңдар", - дейді ол.

Орамалды келіншекті осыған дейін имамдардың Жанар Боранбаева сауат ашу курсында оқыған жоқ, танымаймыз деген мәлімдемесі ашындырыпты.

Естеріңізде болса, осыған дейін діни білім алған шәкірт мешіт имамдары сауат ашу курсындағы жас қыздарға қырындап, екінші, үшінші әйел қылып алады деп айыптаған еді. Ал ұстазы Талғат Сапанов деген азамат, жабық киінген жас бойжеткендерді молдалармен таныстырып, жеңгетайлық жасайды деп отыр...

"Міне мынау мен. Мынау Жанар. Осыны Сапанов Талғат кәуапқа шақырған. Міне сертификат алған суретіміз", - дейді Жанар Боранбаева.

Алайда, ашынғаннан айқай салған Жанар Боранбаевамен мүфтият қызметкерлері ашық  әңгіме айтпақ түгілі, тұра қашты...

Шулы оқиғаның қайдан шыққанын анықтау үшін орталық мешітте қызметтік тексеріс басталған...

"Қосымша тергеу амалдары ол куәлік қайдан пайдан болды, бәрі тексеріледі, сосын мәлімдеме жасалады.
Имамдарға қатысты сұмдық айыптардың рас-өтірігін қазір Дін істері жөніндегі басқарма да анықтауды бастады. Ескеретін жайт, Жанар Боранбаеваның мешіт жертөлесіндегі сауат ашу курсында оқыған құжаты болғанымен, мешіт журналында тіркелмеген...", - деді ҚМДБ аппарат басшысы Ғилымбек Мажеев.

Жанар Боранбаева имамдардың үстінен прокуратураға арыз түсірді. Ал мешіт қызметкерлері өздерін айыптаған келіншекті сотқа бермек.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 2 262
Жаңалық айдары: Қоғам, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .