Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс


Ыстанбұлдың Фатих ауданында жарылыс болды. Бірнеше көлік отқа оранды.


Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы осы уақытқа дейін мәлімет түскен жоқ.


Кейбір ақпарат бойынша, өрт алдымен бір көлікті шарпыды, кейін жалын тұрақта тұрған өзге
машинаға ауысты. Оқиға Ыстанбұлдың негізгі көрікті орындары - Айя-София мешіті және Көк мешіт орналасқан жерден 5 шақырым жерде – Қожа Мұстафа көшесінде болды.


Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады.


Еске салсақ, 13 қарашада Ыстанбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 53 адам жараланды. 14 қарашада жарылыс жасады деген күдікті ұсталғаны мәлім етілді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу