Сәбина Алтынбекова өзінің жанкүйерлеріне алғыс айтты (видео) » ZHARAR © 2017 | Сәбина, алғыс, Алтынбекова, айтты, өзінің, мақтанышпен, Берік, суретін, салған, атындағы, деген, Қазақстандық, волейболшы, басқа, блогерлер, танымал, жанкүйерлеріне, қызығушылығын, келеді, көпшіліктің




  • »

Сәбина Алтынбекова өзінің жанкүйерлеріне алғыс айтты (видео)

Сәбина Алтынбекова өзінің жанкүйерлеріне алғыс айтты (видео) казакша Сәбина Алтынбекова өзінің жанкүйерлеріне алғыс айтты (видео) на казахском языке

Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова блогерлер мен басқа да өзінің жанкүйерлеріне алғыс айтты.



Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешеніндегі волейболдан ерлер арасында IV Азия кубогы және ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы халықаралық турнирге көрермен болып келген Сәбина Алтынбекова massaget.kz-ке кішігірім сұхбат берді.

Ол сайтта жарияланған "Сабинадан бір кем түспейтін 10 сұлу" атты блог-эстафетаны бақылап, қолдау пікірлерді оқығанын және сол үшін блогерлерге алғыс айтатынын жеткізді. Блог-эстафета сайт блогері Берік Қалданның идеясы.

Берік бұл ойға Сәбинаның "Мен ғана емес, қазақтың барлық қыздары өте әдемі" деген сөзін оқыған соң келгенін айтады.
"Әр адамның сұлулыққа деген талғамы әрқандай болады. Соны көрсетсін дедім. Екіншіден, қазақта Сәбина сұлудай қыздарымыз көп екенін мақтанышпен айтқым келді", – дейді идея авторы.

Расында бұл блогтар желісі көпшіліктің қызығушылығын тудырып, көп пікір мен көрілім жинағанын мақтанышпен айтқымыз келеді. Сонымен бірге, Сәбина өзіне арнап бейнебаян түсірген, суретін салған қолдаушыларына алғыс білдіретінін айтты.
Естеріңізге сала кетсек, әйгілі шоумен Дәуіт Шайхисламов "Красавчики спорта" атты бейнебаянын ұсынып, ал суретші Аңсаған Мұстафаға оның суретін салған болатын. Бұл суретті Сәбина өзінің instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Автор: Ардақ Құлтай, Өмірбек Сансызбай, дереккөзі


Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 7 117
Жаңалық айдары: Спорт, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 2)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .