Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Это важно!

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Өлеңдер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Қармақ салған жігіт

Бір жігіт бұрынғы заманда суға қармақ салып жүрді. Қармақ салып жүргенде күнінде бір балықтан артық түспейді. Бір күні қармағын салды, екі балық түсті. «Е, Құдай-ай!»,—деді. Күнінде біреуден артық түсуші емес еді, маған бүгін екі балық түсті, мұны берген Құдай маған бірдеме берер»,—деді. Қармағын күнде салып жүрді. Күнінде екі балықтан түсіп жүрді. Бір күнде жігіт жатқан жерінен түрегеліп, беті-қолын жуып тұрса, қармағын салайын дегенде бір сары ит жүгіріп жігітке келді. Жігіт айтты: «Е, Құдай-ай! Қанша жылдан бері мен қармақ салып, бір балықтан алып жеп жатушы едім, енді маған, екі балық түсіп тұрғаны, біреуі иттің несібесі екен»,—деді. Бір балықты итке берді, бір балықты өзі жеді, итті жолдас қылды, екеуі жолдас болып жүрді. Екеуіне екі балықтан Құдай қанағат беріп жүрді. Сөйтіп, жүргенде екі балықтан түседі, бірін ит жейді, бірін өзі жейді.

Бір күні үш балық түсті қармағына. «Е, Құдай-ай!»,—деді. Бізге Құдай тағы бір серікті берер». Күнінде үш балықтан түсті. Бірін ит жеді, бірін өзі жеді, бірін алып қояды. Ертеңіне екеуі түрегеліп, беті-қолын жуып тұрады. Бір ала мысық жүгіріп келді. «Е, Құдай-ай!»,—деді. Ит пен жігіт айтты: «Бір тәуір мысық екен»,—деді—мұны берген Құдай тағы бірдеңе берер», – деді. Түнде үшеуі жатты, ертеңіне тұрды, қармағын салды, үш балық түсті, үшеуі үш балықты жеді.....
Ертегілер
Толық

Қазақстанда жасалған (Дүниетану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Болашаққа саяхат
Сабақ тақырыбы: Қазақстанда жасалған
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.3.5.1 зерттеулер негізінде «Қазақстан» атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын (ұлттық бренд) ұсыну
Сабақ мақсаттары: • зерттеулер негізінде «Қазақстан» атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын (ұлттық бренд) ұсыну.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақстанда жасалған 2-сабақ (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тағам және сусын
Сабақ тақырыбы: Қазақстанда жасалған 2-сабақ
Сабақтың оқу мақсаты: 1.1.1.5 тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау
Ойлау дағдыларының деңгейі. Білу, түсіну.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
Тұтыну заттарына деген өз қажеттіктерін және олардың қайдан келетінін анықтай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Өсімдік және мал өнімдерінің түрлерін ажырата алады;
Кейбір оқушылар:
Қазақстан картасынан негізгі тағам өндіретін өңірлерді тауып, нені өндіретіндерін жазып көрсетеді.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақстанда жасалған 1-сабақ (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тағам және сусын
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда жасалған 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 1.1.1.5 Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: тұтынуға қажетті өнімдерді біледі
Көптеген оқушылар: тұтынуға қажетті өнімдердің қайдан және қалай келетінін түсінеді
Кейбір оқушылар: Қазақстанда жасалатын өнімдерді, Отандық фабрика, зауыттардың қандай өнімдерін күнделікті өмірде қолданатынын біледі, зерттейді......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүние жүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Терімшілер-аңшылардан бастап жер иеленушілер мен мал өсірушілерге дейін
Сабақтың тақырыбы: Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған?
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме): 5.2.2.1– ежелгі адамдардың тұрмыс салтын сипаттау үшін «алғашқы қауымдық өнер» ұғымын пайдалану;
5.2.1.2 – тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
• алғашқы қауымдық өнер туындыларын қолдану арқылы ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмыс салтын сипаттайды
• ежелгі адамдардың діни түсініктері туралы біледі, оларды ажырата алады.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ бүркей салдым басыма,
Жер ортаға келген шағымда.
Басымнан бағым тайғаны,
Жаратқан Алла осы ма?!
Арман да арман арманның,
Ақ бүркей басқа салғаным.
Тасып тұрған көңілім,
Жасып бір шіркін қалғаның.
Опасыз дүние жалған-ай,
Ақ бүркей басқа салған-ай!
Салмасқа бар ма амалым,
Шырағым сынып қалған-ай!
Құдірет басқа салған соң,
Басымнан бақты алған соң.
Амалым бар ма көнбеске,
Ақылшым сенен қалған соң?!
Ақ бүркей салып жылайын,
Жылатқан соң құдайым. ....
Өлеңдер
Толық

Соғыстың салған жарасы

Мен – Данияр Айданамын. Менің атам – Ахметов Данияр соғыс басталғанда небәрі бес жаста екен. Әжем – Ауанова Шаһар 1941 жылдың қыркүйегінде дүниеге келген. Олар - соғыс көрмесе де, оның сұрапыл салқынын өз жүректерінен өткізген жандар. Әжемнің ағасы – Ауанов Әзімхан, яғни түп нағашым 1921 жылдың 1 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Жөлек ауылдық округінде туылады. 4 сыныптық білімі болған. Нағашы атам соғысқа кеткенде, әжем әлі есін білмейтін сәби екен. Содан тілі шығып, есі кіре бастағаннан майданға кеткен бауырының аман қайтуын тілейді. Анасы Мәрия әжеміз екеуі қашан көзі ұйқыға кеткенше күбірлеп, жаратқанға жалбарынады. Әзімхан ата 1942 жылдың 29 мамырында 393- атқыштар полкінің құрамында ұрысқа кірген. Сол жылдың 20 маусымында жау қолына тұтқынға түседі. Оны тұтқыннан 1945 жылдың 9 мамырында Кеңес әскерлері босатады. 1945 жылдың маусымынан 1946 жылдың мамырына дейін 138 атқыштар полкінде әскери қызметін жалғастырады. Елге 1946 жылдың 10 шілдесінде келеді. Ешқандай жарақат, контузия алмаған деп жазылған құжаттарында. Ол туралы білетін аз – кем дерегіміз осы ғана. Атам елге келген соң үйленіп, балалы-шағалы болады. Үш ұл, үш қыз тәрбиелейді. Шиелі аудандық тұтынушылар одағында ұзақ жылдар абыройлы қызмет атқарады. Көзін көрген кісілердің айтуынша, ол өте сауатты, орысша, қазақшаға бірдей, өз ортасына беделді адам болған....
Шығармалар
Толық

Соғыс салған зардап

1941 жылғы 22 маусым –тарихта мәңгі есте қалатын қасіретті күн.Осыдан жетпіс бір жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Ұлы Отан соғысы майдандарында , жау тылындағы партизандар мен Еуропа елдеріндегі қарсыласу қозғалысы қатарында шайқасып , фашизм концлагерьлерінде қаза тапқан өжет , қайсар қандастарымыздың рухына бас иеміз . Соғыс салған зардап әлі күнге толық жойылған жоқ . Олардың Отан үшін қан кешкен әр қадамы , жеңісті жақындата түскен әр күні ұмытылмайды . Ұлы Отан соғысы дүние жүзі халықтарының бестен төртінің тағдырына әсер етті . Соғыс қимылдары әлемнің қырық мемлекетінің аумағында жүрді . Ең соңғы деректер бойынша бұл апатта 60 млн адам қаза тапқан . Кеңес Одағының адам шығыны ресми түрде 27 млн. деп есептелінді. Әлем 1941 жылы соғысты кім бастап , оған адамзат тарихында бұрын - соңды болып көрмеген қандай қатер төніп тұрғанын бірден сезген .
Соғыс жылдары Қазақстанға Кеңес Одағының аудандарынан көптеген өнеркәсіп көшірілді. Ауыр машина жасау зауыттары , сондай-ақ тоқыма , мақта- мата аяқкиім фабрикалары Қазақстан жеріне өніпм беріп , майдан қажетін өтеуге кірісті .Қазақ халқының да Жеңіс күнін жақындату үшін қосқан үлесі зор болды......
Шығармалар
Толық

Ақсақ Темір салған кесене (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Ақсақ Темір салған кесене
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.1.1 Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар Ахмет Яссауи кесенесі туралы мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдап, мәтіннің қалған бөлігін болжайды, кесене салудағы Ақсақ Темірдің жасампаздығы туралы мәлімет алады. ....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық