Ақсақ Темір салған кесене (6 сынып, II тоқсан )

 Ақсақ Темір салған кесене (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Ақсақ Темір салған кесене
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.1.1 Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар Ахмет Яссауи кесенесі туралы мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдап, мәтіннің қалған бөлігін болжайды, кесене салудағы Ақсақ Темірдің жасампаздығы туралы мәлімет алады.
Сабақ барысы: Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында дүние жүзін жаулап алуға ұмтылған әйгілі жаһангерлерді атау ұсынылады. Оқушылар тарих пәнінен алған білімдеріне сүйеніп, әйгілі тарихи тұлғаларды атайды. Тұлғаларды атап болғаннан кейін мұғалім тақтаға «ол кім?» сұрағын шығару арқылы атақты қолбасшыны анықтауға бағыттайды.
Анықтау үшін қосымша мынадай ақпараттар көмекке беріледі :
 Талантты қолбасшы
 27 мемлекетті қол астына бағындырған
 Талғампаз сәулетші
 Тегеурінді саясаткер
Дескрипторлар:
- Әйгілі тарихи тұлғаларды біледі;
- Қосымша ақпараттарға сүйене отырып, сұраққа жауап береді.
Мұғалім оқушыларды мәтінге зейін қоя отырып тыңдауға шақырады. Тыңдалымды бастамас бұрын мәтіннің алғашқы бөлігін тыңдап, кейінгі бөлігін өздері болжайтындықтарын ескертеді.
Мұғалім оқушыларды мәтіннің қалған бөлігін тыңдауды ұсынады. Оқушылар мұқият тыңдап, мәтіннің тақырыбын талқылайды, қалған бөлігін өз болжамдарымен салыстырады. Болжамдарының дұрыс немесе бұрыстығын мәтінге сүйене отырып дәлелдейді.
Дескриптор:
- Мәтіннің тақырыбын талқылайды;
- Мәтіннің қалған бөлігіне болжам жасайды.
- Өз болжамдарымен салыстырады;
- Болжамдарының дұрыс не бұрыстығын мәтінге сүйеніп дәлелдейді.
Келесі тапсырмада мұғалім оқушыларды дебат-диалогқа шақырады. Оқушылар дебат-диалогқа қатысып, пікірлерін білдіреді. Дебат-диалогтың тақырыбы – «Әмір Темір - әлемді жаулаушы / Әмір - Темір – жасампаз сәулетші»
Дескриптор:
- Дебат-диалогта өз пікірін білдіреді;
- Мәтінмен байланыстырып көзқарасын дәлелдейді.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 469



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?