Соғыстың салған жарасы
Данияр Айдана
7 сынып, №49 мектеп
Шиелі ауданы
Жетекшісі: Оразымбетова Б.Қ.
7 сынып, №49 мектеп
Шиелі ауданы
Жетекшісі: Оразымбетова Б.Қ.
Мен – Данияр Айданамын. Менің атам – Ахметов Данияр соғыс басталғанда небәрі бес жаста екен. Әжем – Ауанова Шаһар 1941 жылдың қыркүйегінде дүниеге келген. Олар - соғыс көрмесе де, оның сұрапыл салқынын өз жүректерінен өткізген жандар. Әжемнің ағасы – Ауанов Әзімхан, яғни түп нағашым 1921 жылдың 1 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Жөлек ауылдық округінде туылады. 4 сыныптық білімі болған. Нағашы атам соғысқа кеткенде, әжем әлі есін білмейтін сәби екен. Содан тілі шығып, есі кіре бастағаннан майданға кеткен бауырының аман қайтуын тілейді. Анасы Мәрия әжеміз екеуі қашан көзі ұйқыға кеткенше күбірлеп, жаратқанға жалбарынады. Әзімхан ата 1942 жылдың 29 мамырында 393- атқыштар полкінің құрамында ұрысқа кірген. Сол жылдың 20 маусымында жау қолына тұтқынға түседі. Оны тұтқыннан 1945 жылдың 9 мамырында Кеңес әскерлері босатады. 1945 жылдың маусымынан 1946 жылдың мамырына дейін 138 атқыштар полкінде әскери қызметін жалғастырады. Елге 1946 жылдың 10 шілдесінде келеді. Ешқандай жарақат, контузия алмаған деп жазылған құжаттарында. Ол туралы білетін аз – кем дерегіміз осы ғана. Атам елге келген соң үйленіп, балалы-шағалы болады. Үш ұл, үш қыз тәрбиелейді. Шиелі аудандық тұтынушылар одағында ұзақ жылдар абыройлы қызмет атқарады. Көзін көрген кісілердің айтуынша, ол өте сауатты, орысша, қазақшаға бірдей, өз ортасына беделді адам болған. Ол кісі соғыс туралы әңгімені ұнатпайды. Балаларына бірде-бір рет естелік айтпапты.
«Тіпті Жеңіс мерекесі жақындағанда еңбек демалысын алып, Қырымға тартып отыратын», - деп еске алады Мәскеуде тұратын үлкен қызы Баһар. Денсаулығына қатты мән берген. Жыл сайын курортқа баруды әдетке айналдырады. Не жақындарына , не баларына тіс жарып, шындығын айтпаған. Әжемнің айтуынша, Кеңес заманында тұтқынға түскендерге күдікпен қарайтын болған. Атам содан қаймықты ма әлде айтуға болмайтын құпиясы болды ма, ол жағы бізге белгісіз. Әйтеуір көзі тірісінде майдангерлерге көрсетілетін құрметтен қағажу қалғаны анық. Құшағы гүлге толып, салтанатты жиындардың төрінде отырмаса да, мемлекет тарапынан алған наградалары баршылық. «Германияны жеңгені үшін» медалі, Ұлы Жеңістің 20 жылдығына, 30 жылдығына, СССР Қарулы күштерінің 30 жылдығы мен 60 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен марапатталған. 1982 жылы «Еңбек ардагер» медалі берілген. Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін алып, оларға жасалатын жеңілдіктерді толық пайдаланған. Жайшылықта жайсаң мінезді атамның соғыс тақырыбын қозғағанда түнере қалатынын байқаған әжем жанын жараламайын деп, ештеңе сұрамапты. Өткен жылы ғаламторға кіріп, Ресейдің Сыртқы Істер Министрлігінің сайтынан атам туралы тың дерек таптық. КСРО Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен 1985 жылы 6 сәуірде Ұлы Жеңістің 40 жылдығы қарсаңында оған ІІ дәрежелі Отан соғысының ордені берілген екен. Атамды 1984 жылы 10 шілдеде Шиелі вокзалында жұмыстан қайтып келе жатқанда маневр жасап жүрген локомотив қағып кетеді. Қайғылы қазадан есеңгіреп қалған әжем ол кезде орденін кімге табыстағанын есіне түсіре алмады. Кейіннен бұл сұрақтың жауабын тапқандай болдық.
Жаңалықтардан Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетовтің дәл осындай марапатқа ұсынылғанын білдік. 30 жылдан кейін, яғни 2015 жылы кешігіп келген наградасын генералдың қызына тапсырады. Сол сияқты атамның ордені де кешігіп жатқан болуы мүмкін. «Бұл соғыстың салған ылаңы көп», - дейді әжем. Қаншама шаңырақ ортасына түсіп, түтіні өшті. Қанша ана жесір атанып, қанша бала жетімдіктің зардабын тартты. Ауылда бұл зұлматтың тақсіретін тартпаған бірде-бір үй жоқ. Біреудің әкесін, біреудің бауырын, біреудің жарын қатыгез соғыс жалмады. Қаншасы із-түссіз, хабарсыз кетті. Майданнан жарымжан, мүгедек болып оралғандар қаншама. Тіпті аман-сау оралғандардың жан жарасы өле өлгенше жазылмай кетіпті. Әжемнің көңілінде де көп сұрақтар жауапсыз жатыр. «Әзекеңнің (әжем ағасын осылай атайды) сыры өзімен бірге кетті. Жүрегінде бір ауырлық бар екенін сезетінмін. Тұтқынға түскендерді үкімет аяған жоқ. Соғыстан кейін оларды он жылға соттап жібереді. Әзекеңді соттамағанына қарағанда, жау тылына өздері арнайы тапсырмамен жіберді ма екен?» - деп, ойы сан-саққа жүгіреді. Ертеректе үлкен кісілерден Әзекең Фин соғысына қатысқан болуы керек деген болжам естіпті. Бірақ оны дәлелдейтін деректер таба алмаған. Атам батыл, тәуекелшіл, ер мінезді адам екен. Жас кезінде талай рет көкпар шауыпты. Балаларына мейірбан әке болған. Анасы – Мәрия әжемізді қатты қадірлепті. «Ағайын-туғанға қамқорлық көрсетіп, қол ұшын беруден жалықпайтын» деп еске алады әжем. Мәрия әжемізбен екеуінің тілегі қабыл болып, ақ жарылқаған күні атамыз елге оралады. Алдынан тұлымшағы желбіреп шыққан бес жасар бүлдіршіннің қуанышында шек болмайды.
Мүмкін әжемнің періште тілегі шығар, атамды қауіп пен қатерден аман алып шыққан. Ол қарындасына әкесіндей қамқор болады. Соның арқасында ештеңеден кемдік көрмей өскен. «Мен бақыттымын, Әзекең соғыста опат болса, менің өзімнен кейінгі бауырларым дүниеге келер ме еді?» - деп шүкіршілік етеді әжем. Менің түсінбейтінім – сол кездегі үкімет тұтқынға түскендерге неге сонша қатыгез, мейірімсіз болды екен. Жау қолына түсуді ешкім қаламайды ғой. Соғыс болмаса, тұтқын да болмас еді. Атам сияқты кісілер өздерін тірі қалғаны үшін кінәлі сезінді ме екен?! Тұтқында болып – бір, елге аман оралғанымен, отандастарының сенімсіз көзқарастарына ұшырап – екі күйзелген жауынгерлердің жан азабын немен ақтауға болады?
Абай атамыз айтпақшы, «бұл жалғанда екі күю бір жанға әділет пе?» Аудандық «Өскен өңір» газеті өткен жылы майданда қаза тапқан боздақтардың және бейбіт өмірде қайтыс болған жерлес жауынгерлердің тізімін жариялады. Арасынан жақын – жуықтарымызды іздейміз. Ұзын – сонар тізімдегілердің әрқайсысының әр қилы тағдыры бар. Майдан даласында қалған 4047 жауынгер мезгілсіз мерт болмағанда, қатарымыз қандай көп болар еді деп армандайсың. Әжем «Өткенге – салауат, болашаққа - аманат» деп отырады. Онысы өткеннің сабақтарын келер ұрпақ жадынан шығармасын, бейбіт өмірдің қадірін біліп, қастерлеп өтсін дегені болар деп түсінемін. Біз Отанымыздың азаттығы жолында құрбан болған, жастығы Ұлы Отан соғысының от – жалынына шарпылған аға ұрпақтың ерлігін мақтан етеміз. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылуға тиіс емес. Аталарымыз жанын сап қорғаған Отанымыз – қазіргі Тәуелсіз Қазақстан – Мәңгілік Ел болсын деп тілеймін.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?