» » » Шығарма: Сүйіншіні жеткізген жас бала

Шығарма: Сүйіншіні жеткізген жас бала

Шығарма: Сүйіншіні жеткізген жас бала казакша Шығарма: Сүйіншіні жеткізген жас бала на казахском языке
Оразбай Али
9-сынып оқушысы, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
Жетекшісі: Жолдаспаева Гульмира Мухтаровна

Соғыс... Бұл сөзде қаншама қатігездік пен қорқыныш бар десеңші! Осы сөзді естігінде бүкіл жан дүниең дүрлігіп кететін тәрізді. Неге десеңіз, қаншама жан қырылып, қан судай аққан кезең бұл. Қанша бала жетім, қанша ана жесір қалды десеңізші! Бұлқан төгіс төрт жылға созылды. Осы жалмауыз соғыстан өз отбасыларымен қауышып оралғандар да бар, өз жанын Отан үшін қиып қан майданда, жат жерде қалғандар да бар. Бұл соғысқа көптеген қазақстандықтар да қатысты. Солардың ішінде менің ұлы атам да , атамның әкесі, болды.
Есімі - Үзікбайұлы Оразбай. Ол кісі 1898 жылы дүниеге келген. Ол кісі жалындаған жастық шағында елмен бірге Отаның қорғауға 1941 жылы қан майданға аттанады. Артында адал жары, балалары қалады. Ұлы атам Днепр, Кавказ үшін шайқастарда ерлік көрсеткен. Будапешт, Варшава қалаларын жау қолынан азат етуге қатысқан. Өзінің ерлігі үшін ордендармен марапатталды. Жеңіс күнін ұлы атам Кенисбург қаласында қарсы алды. Соғыс жылдары әйелдер мен балаларға да оңай тиген жоқ. Ер адам атқаратын жұмысты яғни, жер жырту, мал бағу, егін егу сияқты ауыр жұмыс нәзік жандардың мойнында болды. Шиіттей балаларын арқаларына байлап, еңбек ететін жаппай әйелдер. Күндіз жер жыртып, ауыл қамы қамтылса, түнде әйелдер жиналып майданға жіберу үшін қой жүнінен жылы шұлық тоқитын. Шаршау дегенді білмейтінбіз дейтін әжем. Күлкісіз, уайымға толы қараңғы ауылда қалған біз үшін, суық жерді окопта құшақтап жатқан жауынгер үшін бір нәрсе ғана керек еді... Ол – Жеңіс.
Жеңіс - қуаныш, ер - азаматтардың аман-есен соғыстан оралуы. Менің атамның осы күнде еске алып отыратын бір оқиғасы бар. 1946 жылдың көктем айы еді . Соғыс аяқталғанына бір жыл. Ауыл аздап болсын есін жиған кез. Күннің жадырап шығуы жақсы жаңалық келетінін сездіреді. Ауыл адамдары күнделікті тірліктерін атқарып жүр. Ауылдан кеткен ер азаматтардың көбі соғыстан оралған жоқ. Атамның әкесінен де еш хабар болған жоқ. Бірақ әжем қуанышты хабарды күнде күтіп жүретін, үмітін ешқашан үзген емес. Сол үміттің нышаны шығар, көктемнің жадыраған күні ауылға сүйіншілеп хабар да жетті. Сүйіншіні жеткізген жас бала: «Жаңылдық апа, Жаңылдық апа, сүйінші! Сүйінші! Ағамыз келе жатыр!»- деп бар ауылға жар салды. Әжем сол кезде егістік басында қара өгізді суарып жатқан. Тұрған жерінде сылп етіп құлады. Суық су үсті басына төгіліп жатыр. Егістіктегі әйелдер әжемді қолтықтап тұрғызды да, үйіне әкелді.Әжемнің жүрегінің дүрсілін бар ауыл естігендей еді.Ал әжем өзінің не айтып, не істеп қойғанын мүлдем білмейді.
Әйелдер самауырды тұтатып дайындалып жатыр. Бір кезде үлкен машинаның дауысы естілді. Үйдің қасына тоқтады, есік тарс етіп жабылды, үйге бір ер адам кірді. Ол – ұлы атам. Осы кезде әжемнің, ауыл адамдарының, күйеулері майданнан қайтып келмеген жандардың сезімін сөзбен жеткізу мүмкін емес қой, шіркін! Әрине, бұл қуаныш пен үміт... Бірақ бұл қуаныш көпке созылған жоқ. Атамыз біраз уақыттан кейін колхоз жұмысына араласып кетті. Адал еңбегінің арқасында оны колхоз төрағасы етіп тағайындалды. Бұл жұмысты да ол жақсы атқарды. Бірақ денсаулығы сыр бере бастады. Жүрісі ауырлай түсті. Ол кезде жеке басын ойлауға не уақыт, не мүмкіндік болған жоқ. Атамның ауыруының себебі расында да, аяғы болыпты. аяғында қалған снарядтың жарқыншағы жанына қатты бата бастады. Соғыста алған жарақаты салдарынан 1952 жылдың қыс мезгілінде атам о дүниеге аттаныпты. Әжем байғұс балаларын құшақтап жалғыз қалады. Ұлы атам қайтқанда балаларының ең кішісі он айда ғана болған екен, ол - менің атам. Әжем барлығын өзі көтерген. Аштықты да, суықты да бастарынан өткізген. Бұның барлығы нәзік жанды әжемді өжет, қайсар, қатал болуына себеп болған. Бірақ әжем ешқашан мойымаған екен. Атам мен әжем қандай қиыншылық көріп, өмір тауқыметін көрсе де, балаларына татулық, достық, бауырмалдық, кішіпейілдік секілді адами қасиеттерді насихаттап өсірді.
Әжем балаларының барлығын ер жеткізіп, үйлендіріп, атам аманатын орындады. Әжем 101-ге келіп қайтты. Немере, шөбере, немене көрді. Тәуелсіздігіміздің көк туының желбірегенін, Президентімізді, Астанамызды көрді. Бұл сұм соғыс болмағанда, осы қуыныштың барлығын атам екеуі көрмес пе еді?
Соғыс... Қаншама азап, қайғы, қасірет.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 32 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Бейбітшілік болсын төрімде!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Бейбітшілік болсын төрімде!
Шығарма: Соғыс - адамзат үшін ең сұрапыл қырғын
Шығармалар жинағы
Шығарма: Соғыс - адамзат үшін ең сұрапыл қырғын
Шығарма: Бейбіт өмір
Шығармалар жинағы
Шығарма: Бейбіт өмір
Шығарма: Соғыс – күйретуші күш
Шығармалар жинағы
Шығарма: Соғыс – күйретуші күш
Шығарма: Сұрапыл жылдар
Шығармалар жинағы
Шығарма: Сұрапыл жылдар
Шығарма: Майдан даласында ерлікпен шайқасқандар
Шығармалар жинағы
Шығарма: Майдан даласында ерлікпен шайқасқандар
Шығарма: Мен атаммен мақтанам “Ұлы Жеңіс – Ұрпаққа аманат”
Шығармалар жинағы
Шығарма: Мен атаммен мақтанам “Ұлы Жеңіс – Ұрпаққа аманат”
Шығарма: Ұлы Жеңіс – ата-бабам ерлігі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Жеңіс – ата-бабам ерлігі
Шығарма: Ардагерлердің ерлігі көңілден кетпес
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ардагерлердің ерлігі көңілден кетпес
Шығарма: Жауға қарсы шайқасқан ардагерлер
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жауға қарсы шайқасқан ардагерлер
Шығарма: Бізге келген жеңіс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Бізге келген жеңіс
Шығарма: Батырдың аты өлмейді
Шығармалар жинағы
Шығарма: Батырдың аты өлмейді
Шығарма: Ерліктің лебі хаттарда Ұлы Жеңіске -75 жыл!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерліктің лебі хаттарда Ұлы Жеңіске -75 жыл!
Әңгіме:  Əбдірей Сағыныш Байзақкызы | Мен үлгі тұтқан жан Ол кім
Әңгімелер жинағы
Әңгіме: Əбдірей Сағыныш Байзақкызы | Мен үлгі тұтқан жан Ол кім
Шығарма: Нағашы атам
Шығармалар жинағы
Шығарма: Нағашы атам
Шығарма: Менің атам - жауынгер болған...
Шығармалар жинағы
Шығарма: Менің атам - жауынгер болған...

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Сүйіншіні жеткізген жас бала туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Сүйиншини жеткизген жас бала на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Сүйіншіні жеткізген жас бала, шығарма Сүйіншіні жеткізген жас бала туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Сүйиншини жеткизген жас бала на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май, Шығарма: Сүйіншіні жеткізген жас бала шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы