Күтумен өткен өмір

 Күтумен өткен өмір

Сырлыбай Зүлфия
8 сынып, №33 орта мектеп
Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылы
Жетекшісі: Айділдаева Г.А.

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына шығарма жазу туралы ұстазым тапсырма берді . Көп ойландым. Кенет, нағашы атамның үйіндегі сурет есіме түсті... Нағашы атамның үйінде төрде екі сурет тұр. Анасы мен баласы... Олар кездескен - ау...
Күлімсіреп тұр... Атам болса, ағасы әскерге кеткенде 4-5 жастағы кішкене сәби екен.Ағасы кетерінде көтеріп алып, бетінен сүйіп тұрып «Әке - шешемізді сен бағасың» деген екен даусы толқығандай дірілдеп шығып..
Ағасы хатты өлеңдетіп жазады екен.Барлық хатында да ата - анасын кішкентай ғана інісіне тапсырып,үлкен адамға айтқандай ақыл айтумен болыпты.Сірә, оралмайтынын сезген шығар.... Атам хаттарды әлі сақтап жүр. «Анамның аманаты ғой»,- дейді. Анасы барлығын да жаттап алған екен, сонда да ақжемі шығып,қиылып кеткен хаттарды қайта - қайта оқыта береді екен.Тұңғышына деген сағынышын солай басқан шығар... Суретте жап - жас жігіт күлімсіреп тұр.Мен ол кісі туралы бұрын да естуші едім.
Ал енді, ұлы әжемнің сағынышы маған ауысқан сияқты.Ойымнан шықпай қойды. Ауылда есіл ерлерге арналған монумент - ескерткіш бар.Онда Рай көкенің де есімі қашалып жазылған.Бірақ ұлы әжеміз «Үкімет те қателеседі ғой, менің жүрегім сезеді. Балам тірі.. Бір күні келеді... Жарқ етіп кіріп келеді күнім..» деп үмітін үзбей күтеді екен. «Ендігі үйленіп те алған шығар..Келіншегі орыс па екен, е мейлі , орыс болса, бола берсін. Келсе, ұрыспай ақ қояр ем!.. Бір көрсем, сосын өлсем арманым жоқ... » дейді екен.
Ұлы әжеміз 96 жас жасапты. Бақұл болар кездегі ең соңғы сөзі де баласының есімі болыпты.
- Рай...
Сірә, олар кездесіп жатты - ау...
Анасы туралы айтқан нағашы атамның үзік - үзік әңгімесі мені қатты толғандырды. Зұлмат жылдардың зардабынан қайғыдан қан жұтып,көкірегі шерге толған ана бейнесі, сағыныштан сарғайып,жүрегі сыздаумен өткен ана бейнесі,жақсылық хабардан күдер үзбей, үмітін жалғап өмір сүрген кейуана бейнесі көз алдымнан кетпей қойды... Атамның әсерлі әңгімесі менің көңілімде өлең боп өріліп жатты... «Ананың аңсауы» атты өлеңімді ұлы әжемнің рухына арнадым.
Ананың аңсауы
Құлыныңды, әже, сен күтіп өттің,
Сарғайып, көз жасыңды жұтып өттің.
Жансыз бейне жалғыз сурет - жұбанышың,
Аялап, кеудеңе ап, қысып, өптің.
-Бұл кім, әже?- деп сұраушы ем, баламын мен,
«Көкең ғой..» деп күрсініп бір қалатын ең.
Балалықпен білмеппін ғой,әжетай - ау,
Тырнаппын ғой жүрегіңнің жарасын мен.
Боздаушы еді - ау ботасын іздеп әжем,
Жазуындай сағыныштың жүздегі әжім.
Жаттап алған хатты оқып , күш жиғандай
Ширап сала беретін гүлдей әжем.
-Апа!-деп, арсалаңдап келсе кіріп,
-Күнім ! -деп бір иіскеп кетсем «жүріп»,
Арманым жоқ бір көрсем деп айдай жүзін
Күдер үзбей 40 жыл күтті ұлын.

71 жыл тойланбақшы елімізде,
Екі сурет қатар тұр төрімізде.
Күлімсіреп қарайды бізге олар
Дегендей «Кездестік біз,көріңіздер!»
Жер -жерлерде бүліншілік болып жатыр,
Жастар- шейіт,қызғалдақтай солып жатыр.
Мақтанамын бақытты елде туғаныма
Біздің елде айтулы той болып жатыр.
Аналар «боташым» деп жыламасын,
Биік болсын елім туы, құламасын!
Әлемге үлгі болды қазақ ең бірінші
Тоқтатуда ядролық сынамасын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!