Жетпіс жылдан кейін табылған сурет

 Жетпіс жылдан кейін табылған сурет

Жасұлан Нұрсұлтан
5 сынып, №118 орта мектеп
Жалағаш ауданы ,Таң ауылы

Дана халқымыз «Қарты бардың қазынасы бар» деген сөзді бекер айтпаған. Шежірешіл,батагөй қарттар қай жерде де елдің берекесін кіргізеді,өмірдің ыстық-суығын бастан өткізген аталардың кейінгіге айтары да көп болады. Оның үстіне ағайынның бірлігін, ауылдағылардың ынтымағын сақтайтын ардагер ағаларымыз қашан да ел арасында құрметке бөленіп жүреді. Міне, Ұлы Жеңістің де 70 жылдық мерекесі келіп қалды. Осыған орай, баспасөз беттерінде жарияланған әрбір мақалаларды оқи отырып өз атамды еске аламын. Атам туралы шығарма жазсам деп, ойланып жүргенімде, біз күтпеген үлкен жаңалық болды. Ақтөбе қаласының тұрғыны осы суретті біздерге тапсыруды аманат етіп, Мәдениет ауылының тұрғыны Болат ағайдан беріп жіберіпті. «Өлшенген өмір бар»,-деп Майлықожа ақын айтқандай, менің атам жетпіс алты жасында 2001 жылы өмірден өтті.
Атам 1925жылы қазіргі «Таң» шаруашылығын қамтитын ауқымдағы елді мекенде туып , 1943 жылы Қармақшы аудандық комиссариаты арқылы әскерге алыныпты. Соғысқа аттанғанда он сегіз жаста болыпты. Қиыр Шығыстағы әскери бөлімдердің құрамындағы 9-атқыштар полкінде болған. Жапонияға қарсы соғысып жатқанда жараланып, госпитальға түскен. 1950 жылы елге оралып, Қызылорда медучилищесіне оқуға түсіп, оны 1953 жылы бітіріпті. Оқу орнын бітіре салысымен ауданымызда денсаулық сақтау саласы бойынша қызмет етіп, 1985 жылға дейін осы салада жұмыс атқарған кісі. 1985 жылы Аққыр совхозынан зейнеткерлікке шыққан. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен , «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен , мерекелік медальдармен марапатталған.
Атам өмірден өткенімен , менің жүрегімде өшпестей орын алған.
Соғыс туралы айтқан әрбір әңгімелерін өз аузынан естіген ата-анам біздерге айтып отырғанда, ерекше әсер аламын.
Бірде күтпеген жерден мынадай қызық оқиға болыпты. Ауылға Арал өңірінен құдалыққа келген бір кісі атамды көріп, таң қалып сен қалайша тірі қалдың деп сұрапты. Атам ол кісіні қайдан көргенін есіне түсіре алмай, кім екендігін сұраған. Сұраса келгенде, Ұлы Отан соғысы кезінде, атам жараланғанда осы кісі госпитальға, дәрігерлерге апарып тапсырған екен. Алған жарақатынан тірі қалар деп ешім ойламапты. Араға елу жыл салған кездесу бұл кісілерді ғана емес, сол жерге жиылған бүкіл жұртты таң қалдырыпты.
Атамнан тараған ұрпаққа келсек, он баласынан отыз бір немере ,он шөбере бармыз. Қазір олар жан-жақта, әр түрлі қызметтер атқарады. Олардың да жақсы азамат болып,өмірден өз орындарын тауып, кірпіш боп қалануы атамның тәрбиесінің арқасы деп ойлаймын.
Ойымды қорыта келе, ақын Т Молдағалиевтың мына бір шумақ өлеңімен аяқтауды жөн көрдім.
Бір қауым ел соңына ерген атаның,
Шөбересі ем шықты жақсы атағым.
Отан жайын ойлаймын да жүремін,
Ой түбіне бойлаймын да жүремін....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!