Соғыс салған зардап

 Соғыс салған зардап

Айсина Нұргүл
9-сынып,Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебі
Атырау облысы Исатай ауданы
Жетекшісі: Агисова Шынар Габбасовна

1941 жылғы 22 маусым –тарихта мәңгі есте қалатын қасіретті күн.Осыдан жетпіс бір жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Ұлы Отан соғысы майдандарында , жау тылындағы партизандар мен Еуропа елдеріндегі қарсыласу қозғалысы қатарында шайқасып , фашизм концлагерьлерінде қаза тапқан өжет , қайсар қандастарымыздың рухына бас иеміз . Соғыс салған зардап әлі күнге толық жойылған жоқ . Олардың Отан үшін қан кешкен әр қадамы , жеңісті жақындата түскен әр күні ұмытылмайды . Ұлы Отан соғысы дүние жүзі халықтарының бестен төртінің тағдырына әсер етті . Соғыс қимылдары әлемнің қырық мемлекетінің аумағында жүрді . Ең соңғы деректер бойынша бұл апатта 60 млн адам қаза тапқан . Кеңес Одағының адам шығыны ресми түрде 27 млн. деп есептелінді. Әлем 1941 жылы соғысты кім бастап , оған адамзат тарихында бұрын - соңды болып көрмеген қандай қатер төніп тұрғанын бірден сезген .
Соғыс жылдары Қазақстанға Кеңес Одағының аудандарынан көптеген өнеркәсіп көшірілді. Ауыр машина жасау зауыттары , сондай-ақ тоқыма , мақта- мата аяқкиім фабрикалары Қазақстан жеріне өніпм беріп , майдан қажетін өтеуге кірісті .Қазақ халқының да Жеңіс күнін жақындату үшін қосқан үлесі зор болды. Біздің республикадан майданға 1,7 млн азамат шақырылған .Мәскеу түбіндегі шайқастар да генерал И. Панфилов басқарған 316 – дивизия қимылдары атақты 28 жауынгердің 50 танкіге тойтарыс беруі , жас офицер Бауыржан Момышұлы бастаған батальон ерлігі әлемге жайылды .Қазақтың үш бірдей ару қыздары:Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова Кеңес Одағының батыры ,ал Хиуаз Доспанова Халық қаһарманы деген атаққа ие болды.Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен қазақ Р.Қошқарбаев еді. Әлия Молдағұлова 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26 атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып ,мергендігімен көзге түсті . Новосокольники темір жол станциясы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап қаһармандықпен қаза тапты .
Санкт Петербург және Мәскеу қалаларындағы ондаған мектептер ,көшелер Молдағұлова есімімен аталады. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.1942 жылы ол өз еркімен Қызыл Армия қаталына алынып , 21- ші атқыштар дивизиясы құрамында ұрысқа қатысты . Аға Сержант ,пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті.Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк Мәметова ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен көз жұмды . Бауыржан Момышұлының әскери өмірбаянында Москва түбіндегі шайқас ерекше орын алады. Одан басқа да ерліктері аз емес.
Тек 19гвардиялық атқыштар полкінің батальон командирі ретінде Москва түбінде 27 сәтті ұрыс жүргізді. Волоколам бағытында Крюково қонысы үшін шайқаста 19-полкты басқарып, сол жерде ауыр жарақат алғанына қарамастан, күресті әрі қарай жалғастыра береді. Момышұлының осындай көптеген әскери ерлігін ескеріп, 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі полковник И.И.Серебряков 1942 ж. тамызда оны Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады. Бірақ бұл наградтау қағазы жоғалып кетеді. 1944 ж. шілде айында Серебряков КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумына үндеу хатында: "Жолдас Момышұлына құрмет көрсетуді... өтінемін және мұны жеткізуді өзімнің парызым деп білемін... әділдік менен осыны талап етеді", — деп жазды. Бұл да аяқсыз калады.
Жерлесіміздің одан кейінгі ерліктері де ескерусіз қалады. Момышұлы полк командирі, кейін дивизия бастығы бола жүріп, Калинин майданында, Курляндиядағы неміс басқыншыларын талқандау операцияларына белсене қатысады. 1941 жылдың қыркүйек айы. Мәскеудің оқу орындарында жаңа оқу жылының басталып жатқан кезі. Ал жастардың көпшілігі Отанды жаудан қорғау үшін майданға аттанып жатқан шақ. Бұл кезде Хиуаз да майданға медбике, тегі болмаса, санитар болып кетсем бе деп, талпынып жүрген. Сөйтіп жүргенінде ол әйгілі Марина Раскованың қыз-келіншектерден авиаполк құрып жатқандығын естиді. Бұл Хиуаз сияқты нағыз өршіл жас үшін өзінің кім екендігін көрсетіп қалатын жақсы мүмкіндік еді. Бұны Хиуаздың өзі де жақсы түсінеді. Көктен сұрағаны жерден табылған қайсар қыз ойланбастан, бірден аталған полк басшысына келеді. Қазақ қызына полк басшылығы алғашында сенімсіздікпен қараса да жауынгерлер құрамына қабылдайды. Сөйтіп, жауынгер қыз Саратов қаласының әскери әуе училищесіне жіберіледі. Мұнда штурмандар даярлайтын арнайы курсты аяқтаған жас қыз 1942 жылдың көктемінде сол кездегі авиация тарихында тұңғыш рет құрылған, түнгі мезгілде жау шептерін бомбалайтын әйелдер авиаполкінің құрамында майданға аттанады. Ұлы Отан соғысы ардагері Ақтай Кәкенов атамыз :Ол күнді ешқашан ұмытпаймыз . Көзімізге жас ала еске аламыз , -деді .
Ұлы Отан соғысы аяқталып , Жеңістің туы желбірегеніне міне , биыл -71 жыл ! Жеңіс күні- бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке !Ұлы Отан соғысы әрбіріміздің жүрегімізге ұмытылмастай ізін қалдырды. Осы бір жүрегімізге жара салған соғыста қаншама адам қаза тауып , қаншамасы мүгедек атанып , көптеген аналар мен балалар жетім – жесір қалды .Оңай келмеген жеңісте ерен – ерлігімен көзге түскен ата – апаларымыз қазіргі таңда ерекеше сый –құрметке ие !Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырларымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз.
Біз Жеңіс күнін жақындатқан , қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз .Ұлы Жеңіс - біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы . Бүгінгі ұрпаққа Ұлы Отан соғысындағы Кеңес Одағы оның халықтарының жеңісінің факторлары туралы айту парыз . Оны жас ұрпақ білу керек . Ол соғыстағы жеңістің қайнар көздері , негіздері мен қозғаушы күштері туралы ондаған тіпті мыңдаған еңбектер жазылған.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?