Бiлiм министрі мұғалiмдердi қағазбастылықтан құтқарамын деп уәде берді

Бiлiм министрі мұғалiмдердi қағазбастылықтан құтқарамын деп уәде берді казакша Бiлiм министрі мұғалiмдердi қағазбастылықтан құтқарамын деп уәде берді на казахском языке

БҒМ Қаржы министрлiгi және Бас прокуратурамен бiрлесiп, мұғалiмдердi қағазбастылықтан құтқармақ. Бұл туралы Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты деп хабарлайды Baq.kz.

«Бiз бүгiнгi күнi қағазбастылықты, жазбаша есеп берудi алып тастай аламыз. Бiрақ, бiрқатар өзектi проблема бар. Бiрiншi кезекте - бұл мұғалiмдердiң тексерушi органдар алдындағы қорқынышы. Бiз мектеп ұстаздарымен және директорларымен сөйлестiк. Олардың барлығы «Бiз журналды жазбаша жүргiзе беремiз, өйткенi қорқамыз» - деді. Мен оларға «Ал егер қағаз журналға тыйым салсам, не болады?» деп сұрағанымда, олар «Онда бiз түнде жазып отырамыз. Себебi, бұл ақша, ертең бiздi оңдырмайды» деп жауап бердi», - дедi Сағадиев.

Сондықтан, министр мұғалiмдер қорықпас үшiн тексерушi қаржы органынан жазбаша есеп сұрау құқығын алып тастауды көздеп отыр. Осы мақсатта ведомство Қаржы министрлiгi мен Бас прокуратурамен бiрлесiп арнайы хат немесе бұйрық дайындамақ.

«Бiз қаржы министрiнен, ереже бұзылған жағдайда, осы iспен өзiнiң айналысуын өтiндiк. Себепсiз тексерiстерге Қаржы министрiнiң өзi жауап бередi. Бұл бiз үшiн аса маңызды», - дедi министр.

Сонымен бірге Сағадиев мұғалімдерге өзiнiң тiкелей мiндеттерiнен басқа жұмыстарды iстеуге тыйым салынатынын айтты.

«Ұстаздарды өзiнiң қызметiнен басқа шаруаларға мiндеттеуге тыйым салынады. Бұл – үлкен жұмыс. Соған қарамастан бұл iстi қолға алдық. Бiз мұғалiмдер өзіне мiндеттелген жерлердi аралап, талдау жасап, түрлi карточкалар мен жол жүру билеттерiн тарататынынан хабардармыз. Жұмысты ұстаздарды үй-үйді аралатып, статистикалық мәлiметтер жинауға тыйым салудан бастаймыз», - дедi Сағадиев.

Сондықтан, оның айтуынша, министрлік басқа органдармен бiрлесiп, ұстаз еңбегiн осы мақсатта пайдалануға тыйым салатын бiрқатар бұйрық пен қаулы шығармақ.

ФОТО UIB.KZ




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, Сағадиев, тыйым, Қаржы, бiрлесiп, айтты, жазбаша, өзiнiң, басқа, прокуратурамен, министрлiгi, қаржы, мұғалiмдер, министр, тексерушi, бiрқатар, Сондықтан, жауап, бұйрық, отырысында, туралы, Сағадиев, тыйым, Қаржы, бiрлесiп, айтты, жазбаша, өзiнiң, басқа, прокуратурамен, министрлiгi, қаржы, мұғалiмдер, министр, тексерушi, бiрқатар, Сондықтан, жауап, бұйрық, отырысында, туралы, Бiлiм министрі мұғалiмдердi қағазбастылықтан құтқарамын деп уәде берді, Бiлiм министрі мұғалiмдердi қағазбастылықтан құтқарамын деп уәде берді

  • Анализ сайта www.zharar.com