Сағадиев журналистерге: Сіздерге Баян туралы жазуға болады, бізге болмай ма?

Сағадиев журналистерге: Сіздерге Баян туралы жазуға болады, бізге болмай ма? казакша Сағадиев журналистерге: Сіздерге Баян туралы жазуға болады, бізге болмай ма? на казахском языке

Ұлттық бірыңғай тестілеу мәтіндеріне Баян Есентаева мен Нұртас Адамбай туралы сұрақтардың енгізілуіне журналистер кінәлі боп шықты. Талапкерлерге арналған сынақтағы ерекше сауалдарға байланысты анық-қанығын білмек болған тілшілерге Білім және ғылым министрі осылай тап берді.

"Газеттен алған текст. Сіз Есентаева туралы жазып отырсыз ғой? Сіз неге жазасыз? Ол газеттен, сайттан алған текст студенттерге берілген "міне, тексті оқып, сұрақтарға жауап беріңіз" деп. Сіз жазсаңыз біз оны неге алмаймыз? Сіз оны неге жазасыз онда?", - дейді Сағадиев.

Сағадиев мырзаның айтуынша, мұндай тапсырмалар бұқаралық ақпаратта жиі жарияланған тақырыптар негізінде құралыпты. Министр алдағы уақытта тіпті Геннадий Головкин мен Димаш Құдайбергенов жайында сұрақтар енгізуі мүмкін екенін алға тартты.

Ал, ұлттық тестілеу орталығындағылар осы уақытта қоғамның қызу талқысынан кейін Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайға байланысты сауалдарды алып тастадық деген ақпарат таратты.

Өз кезегінде азаматтардың көбі әлеуметтік желі арқылы "қазақ тілін оқу сауаттылығымен алмастырғаны үшін Ерлан Сағадиев қызметінен кетсін" деген талаптарын жариялай бастаған болатын. Министр осы мәселеге қатысты пікірін сұрағанда, "арандатуды қойыңыздар" деді.




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, Есентаева, Нұртас, байланысты, туралы, Сағадиев, тестілеу, ғылым, министрі, Білім, уақытта, болған, осылай, тілшілерге, берді, Ұлттық, Министр, білмек, текст, алған, деген, Есентаева, Нұртас, байланысты, туралы, Сағадиев, тестілеу, ғылым, министрі, Білім, уақытта, болған, осылай, тілшілерге, берді, Ұлттық, Министр, білмек, текст, алған, деген, Сағадиев журналистерге: Сіздерге Баян туралы жазуға болады, бізге болмай ма?, Сағадиев журналистерге: Сіздерге Баян туралы жазуға болады, бізге болмай ма?

  • Анализ сайта www.zharar.com