Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Сағадиев: "Алтын белгі" иегерлері үшін жаңа тізім жасаймыз

Сағадиев: "Алтын белгі" иегерлері үшін жаңа тізім жасаймыз

Сағадиев: "Алтын белгі" иегерлері үшін жаңа тізім жасаймыз казакша Сағадиев: "Алтын белгі" иегерлері үшін жаңа тізім жасаймыз на казахском языке
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғарғы балл жинап тұрып, оқуға түсе алмай қалған бірсыпыра талапкерлердің ата-аналарымен кездесті деп хабарлайды nur.kz, Хабар24 сілтеме жасап.

Себебі олар кеше ғана өз наразылықтарын білдірген еді. Әсіресе, медицина саласын таңдаған талапкерлер алаңдаулы. Ата-аналар бюджеттен қарастырылған білім гранттары әділетсіз бөлінген деп есептейді.

Себебі, білім грантынан қағылғандардың дені – «Алтын белгі» иегерлері.

Наразы топпен кездескен министр әрбір арыз-шағым жеке қаралады деп сөз берді.

"Біз барлық арыз-шағымды жеке-жеке қарап, «Алтын белгі» иегерлері үшін жаңа тізім жасаймыз. Олардың барлығы жоғарғы оқу орындарындағы резервпен қаржыландырылады. Бірақ шағымданушылардың барлығын бірдей грантпен қамтимыз деп айта алмаймыз. Бірақ барынша жоғарғы оқу орындарының ректорларымен келісім жасауға тырысамыз", - дейді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Айта кетейік, биылғы оқу жылына мемлекеттен 37 932 білім гранты бөлінген болатын.

Автор: ZHARAR | 6 885 | 13.08.2017



Загрузка...

KZ / Qazaqstan жаңалықтары, Алтын белгі, Алтын белгі иегерлері, Білім, министрі, Ерлан, Сағадиев, биылғы, ғылым, білім, Себебі, сілтеме, жасап, Алтын, Бірақ, иегерлері, белгі», бөлінген, Хабар24, хабарлайды, кездесті, тұрып, Алтын белгі Алтын белгі иегерлері Білім министрі Ерлан Сағадиев биылғы ғылым білім Себебі сілтеме жасап Алтын Бірақ иегерлері белгі» бөлінген Хабар24 хабарлайды кездесті тұрып, Сағадиев: "Алтын белгі" иегерлері үшін жаңа тізім жасаймыз