Василий Левитке Олимпиада алтыны табысталды

Василий Левитке Олимпиада алтыны табысталды

Бүгiн елордада «Халықтың сүйiктiсi-2016» ұлттық жүлдесiне ие болған азаматтар марапатталды. Биыл алтыншы рет өткiзiлiп отырған салтанатты шарада қазақстандық боксшы Василий Левитке Олимпиада алтын медалiнiң көшiрмесi табысталды, деп хабарлайды baq.kz.

Василий Левиттiң Рио Олимпиадасында күмiс медаль алғаны белгілі. Дегенмен, финалдық кездесуде ресейлiк боксшы Тищенкоға жеңiс «сыйлаған» судьялардың шешiмi көпшiлiктiң наразылығын тудырған болатын. Бұл жайт әлеуметтiк желiде де қызу талқыға түстi. Сол кезде «Халықтың сүйiктiсi» жобасының авторы әр ұйымдастырушысы Ғалым Байтоқ В.Левитке алтын медаль көшiрмесiн жасау үшiн қаржы жинау акциясын бастап кеткен едi.

«Әрине, мен бұл медальге өте қуаныштымын, бұл халықтың қалауы. Сондай-ақ, бұл үлкен жауапкершiлiк, мен бұл алтын медальдi маған артылған сенiм деп бiлемiн, ендi халық сенiмiн ақтау керек. Баршаңызға алғыс айтамын», — дедi боксшы В.Левит.

Айта кетейік, «Халықтың сүйiктiсi» жүлдесi 2011 жылдан берi танымал және қоғамдық белсендi азаматтар мен ұйымдарға табысталып келедi. Бүгiнгi финалдық кезеңге дейiн Facebook әлеуметтiк желiсi мен lubimec.kz ресми сайтында екi кезең бойынша дауыс берілді. Үмiткерлердi әлеуметтiк желi қолданушыларының ұсынуы жүлденiң ерекшелiгi болып табылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!