Олимпиада ойындары туралы қызықты деректер

Олимпиада ойындары туралы қызықты деректер казакша Олимпиада ойындары туралы қызықты деректер на казахском языке

Осыдан 66 жыл бұрын, Халықаралық Олимпиада комитеті 23 маусым күнін, «Халықаралық Олимпиада күні» деп жариялаған. Себебі көне Элладаның мәдени өмірімен тікелей байланысты Олимпиада ойындары 1894 жылы осы күні қайта құрылған болатын. Осы аталған күнге орай, www.zharar.com порталы Олимпиада ойындарына қатысты қызық деректерді ұсынады.

Қазақша фильм: Бекзат (трейлер)

Қазақша фильм: Бекзат (трейлер) Фильм аты: Бекзат
Шыққан жылы: 2014
Жанр: Өмірбаян, Спорт, Драма
Рөлдерде: Асылхан Төлеповтен, Аян Өтепберген, Саят Исембаев, Тұрсын Құралиев, Бақтияр Қожа
Суреттеме: "Бекзат" деп аталатын картина марқұм боксшының өмірі туралы баяндайды. Ол 1999 жылы ересектерге арналған бәсекеде топ жарып, бір жылдан кейін Сиднейде Олимпиада чемпионы атанған еді. Бірақ оның жеңісінен кейін төрт ай өткенде Бекзат Саттарханов жол апатына ұшырап, қайтыс болды.

Қазақстан 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ресми түрде өтінім береді

Бүгін Қазақстан 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізуге ресми түрде өтінім береді.
фото с сайта gde.kg
фото с сайта gde.kg

Бұл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

"Кеше Президенттің тапсырмасымен Алматы қаласы әкімдігі және Олимпиада комитетімен бірге алқашқы кеңес өткізілді. 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізуге ресми түрде өтінім беру туралы шешім қабылданды", - деді Е.Қожағапанов.

Сонымен бірге Алматы, ведомство басшысының сөзіне қарағанда, бұған толығымен дайын, нысандардың басым бөлігі Азия ойындары қарсаңында салынып, мақұлданды.

"Бірнеше спорттық нысандар салсақ жеткілікті, ал жөндеуді қажет ететін нысандарға 2022 жылға қарай жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Көліктік логистика дайын", - деп атап өтті Е.Қожағапанов.

Агенттік төрағасы атап өткендей, Олимпиада өткізуге қажетті барлық спорттық нысандар Алматыда орналасады. "Ресми өтінім бүгін беріледі", - деді ол.

Сочи Олимпиадасының алауы ғарыштан Жерге оралды

Құрамында Ресей ғарышкері Федор Юрчихин, американдық астронавт Карен Найберг пен итальяндық астронавт Луки Пармитано бар ХҒС экспедициясына қатысушылар Жерге қайтып оралды.

"Союз ТМА-09М" басқарылатын көлік кемесі жоспарланғандай, Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай сағат астана уақыты бойынша 8:49-да қонды. ХҒС-тағы экспедициясын аяқтаған ғарышкерлер Жерге Сочи Олимпиадасының алауын алып келді. Ғарышкерлер мен олимпиада алауының жерге қонуын Ресей тікұшақтары бақылады.

Еске сала кетейік, 9 қараша күні Олимпиада алауы бірінші рет ашық ғарышта болды. Ғарышқа оны Ресей ғарышкерлері Олег Котов пен Сергей Рязанский алып шықты.