» » » Қашықтықтағы махаббат

Қашықтықтағы махаббат

Қашықтықтағы махаббат казакша Қашықтықтағы махаббат на казахском языке
Айзаттың сыртанан қарап тұру, оның аяғын асықпай басып келе жатқаны, жай ғана жымиып күлгені, қара шашы - бәрі юәрі маған ерекше секілді көрінетін. Балконнан Айзатқа қарап отырып өзімді бақытты сезінетінмін.
Біраз уақыт өткеннен соң мен оның телефон номерін алдым. Танысып алдық. Күнде сөйлесетінбіз.
Сегізінші, тоғызыншы, оныншы сыныптар осылайша өтіп жатты. Жылдан жылға бір-бірімізге бауыр басып бара жаттық. Көп рет апам түнде телефонмен жасырынып сөйлесіп жатқанымда ұстап алып ұрысты да. Апам ұйықтады-ау деген кезде телефонға қайта жармасатынмын. Қанша ұрыс есітсем де қоймайтынмын.
Айзатпен уақыт тез өтіп кететін. Сабақтан енді келіп, телефонды жаңа ғана алған секілдісін, ал шындап келгенде біз екінші сағат сөйлесіп жатқан болып шығамыз. Оныншы сыныпта мені Айзаттың сыныбына ауыстырды. Оны есіткенде енді бір сыныпта оқитынымызға сенгім келмей, қуаныштан секіріп-секіріп алдым. Уақыт тез өтеді емес пе?! Көзді ашып-жұмғанша біз бітіруші сынып болдық. Бір күні сабақтан шығып бара жатып Айзатқа аздап кідіре тұруын сұрадым. Барлық оқушылар кетіп қалды. Сыныпта тек екеуміз ғана қалдық. Алғашында мен сөзімді қалай бастарымды білмедім. Батылымды жинай келе Айзатқа сегізінші сыныптан бері ұнататынымды, жақсы көретінімді жеткіздім.
Айзат біраз үнсіз тұрлы да:
-Білетінмін мені ұнататыныңды. Сезіп жүрдім. Саған сенімен сөйлескен ұнайды. Данияр сен жақсы ұлсын, маған ұнайсың. Бірақ аздап ойлануым керек – деп жауап берді. Айзатты күтумен үш күн өтті. Асқа тәбетім болмай, әр затқа алаңдап, түні бойы ұйықтай алмай шықтым. Әрең дегенде шыдап, келесі күні Айзатқа бардым. Айзат келісімін берді. Аздап асыққанымды кейін білдім. ҰБТ-ға дайындықтың қыза түскен кезі болатын. Менің уақытым болмай кетті. Айзатты тіпті үйіне шығарып сала алмадым. Ойлана келе, сөйлесіп отырып мен оған уақытша айырылыса тұрайық, мектеп бітіргеннен кейін қайта бастармыз деген ұсыныс жасадым. Айзат та түсінген болуы керек, құптағаннан басқа ештеме деп айта қоймады. ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырып, иығымыздан үлкен жүк түскендей болды. Бітіру кешінде мен Айзатпен бірге жүрдім. Байқағаным Айзат бірінші кездері мен балконнан қарайтын бала Айзат емес, өсіп, қасы көзі қиылған бойжеткен Айзат. Кеш бойы біз бірге ұзақ биледік. Таңды бірге қарсы алдық...Көңілім алып-ұшып, Айзатқа қайта-қайта қарай бердім...
Құжаттарымды жинап, ЖОО-ға тапсыруға Астанаға келдім. Тапсырып, оның жауабын білгеннен кейін Таразға қайттым. Кеткенге дейін кездесіп жүрген Айзат мен болмаған екі аптада Алматыға көшіп кетіпті. Төбемне жай түскендей болды...Бірақ біз сонда да хабарласып, сөйлесіп жүрдік.
Мен жылына екі рет Алматыға барып емделетінмін. Астаға келгеннен кейін көктемде мен әдеттегідей Алматыға бардым. Досым күтіп алды.
Тексеріліп болғаннан кейін мен Айзатпен кездестім. Қаланыны араладық. Ұмытылмастай болды...
Келесі келгенімде ол мені үйіне қонаққа шақырды. Мамасымен таныстырды. Біз сөйлесіп, көріскенмен бұрынғыдай леп болған жоқ. Арамыз алыстап кеткендей болды. Айзаттың маған деген көңілінің бұрынғыдай емес екенін біліп қиналдым. Айзатты қимайтынмын, бірақ осылайша әрі қарай жалғастыру да ақымақтық болатын. Біз айырылыстық... «Махабатқа арақашықтықтың әсері желдің отқа әсері секілді, әлсізін өшіреді, күштісін өршітеді» дегендей біздің сезіміміз мүмкін әлсіз де болған болар...Ол жағы маған қараңғы...
Мен тек Айзатқа бақыт тілеп қала бердім...

Данияр

Автор: ZHARAR | 2 959 |


Загрузка...

KZ / Қазақша Махаббат хикаялары жинағы, Айзатқа, Айзат, сөйлесіп, кейін, маған, Айзаттың, болды, қайта, қарап, отырып, Айзатты, алдық, алдым, уақыт, осылайша, Айзатпен, басып, бірге, секілді, Алматыға, махаббат туралы кызыкты ангимелер, махаббат туралы кызыкты хикаялар, махаббат туралы қызықты хикаялар, Қазақша Махаббат хикаялары, махаббат туралы қызықты әңгімелер, махаббат жайлы қызықты әңгімелер, Махаббат туралы хикаялар, история любви на казахском языке, Айзатқа Айзат сөйлесіп кейін маған Айзаттың болды қайта қарап отырып Айзатты алдық алдым уақыт осылайша Айзатпен басып бірге секілді Алматыға махаббат туралы кызыкты ангимелер махаббат туралы кызыкты хикаялар махаббат туралы қыз, Қашықтықтағы махаббат махаббат хикаялары вк махаббат окигалары mahabbat hikayalary истории о любви на казахском языке махаббат хикаялары видео казакша махаббат хикаялары