Экономика | Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері (XX ғ.аяғы - XXI ғ. басы)

 Экономика | Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері (XX ғ.аяғы - XXI ғ. басы)

Мазмұны
Кіріспе
1 Тарау Халықаралық қатнастардағы Қазқстан мен Орталық Азия: Түркияның геосаясаты
1.1 Орталық Азиядағы жаңа геосаясат және Түркия..........................................
1.2 Түркияның Орталық Азиядағы геосаяси мүдделері....................................
1.3 Орталық Азия аймағы елдерінің инвестициялық жағдайы және Түркияның аймақтағы инвестициялық саясаты………………………….......
2 Тарау. Түркия – ОА мемлекеттері қатынастары
2.1 Қазақстан және Түркия: ынтымақтастықтан стратегиялық әріптестікке өту..........................................................................................
2.2 Түркия мен ОА басқа мемлекеттері арасындағы экономикалық қатынастар...................................................
2.3 Түркияның аймақтағы қазіргі кездегі саясаты...................................

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі жаңа геосаяси жағдайда Орта Азия мемлекеттері /Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан/ өздерінің геосаяси және геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Бұл ең алдымен өңірдің Еуропа мен Азияны біріктіретін қолайлы да тиімді географиялық орналасуы мен жер қойнауының пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарға бай болуымен шарттасқан.
Орта Азия/ОА/ мемлекеттерінің дамуы үшін әлемнің жаңа геосаяси күштерімен қарым-қатынас орнату стратегиялық маңызды мәселе.
Бітіру жұмысының жұмысының өзектілігі, ең алдымен, Орталық Азия мемлекеттерінің қазіргі геосаяси жағдайымен тікелей байланысты. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Түркияның Орталық Азияның бес мемлекеттерінде жетекші рөлге ие болуы және аймақтық дамудағы негізгі факторы ретінде қарастыруында. ОА – ның тәуелсіздік алғаннан кейінгі бүкіләлемдік қауымдастыққа кіру барысында шет елдермен дипломатиялық қатнастарды дамыту мәселелері үлкен өзектілікке ие болады.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «әлемдік шаруашылық байланыстардың қазіргі заманғы даму бағыты «теңдік, ерікті жэне прагматикалық қызығушылық негізіндегі интеграционизм бұл - Еуразия үшін лайықты келешек, яғни тек сондай жағдайда гана ол XXI ғасырдағы әлемдік экономика мен саясаттың жаһандық факторы бола алады» деген болатын [1].
ОА прагматикалық қызығушылық танытып отырған мемлекеттердің ішінде Түркия XXI ғасырдың басында өзгеріп жатқан әлемнің жаңа анықтылықтарына өзінің сыртқы саясатын бейімдеу жағдайында болды. 1990 жылдардың басында Түркия ОА мемлекеттеріне байланысты жаңа сыртқы саяси концепциясын жариялады. Онда Қазақстанға да қатысты байланыстардың саясаты баяндалған болатын. Осы концепцияны жариялау барысында Анкара өзінің сыртқы саясатын Еуропадағы және посткеңестік кеңістікте болып жатқан жағдайлармен тікелей байланыстыратынын анық байқатты. Түркияның «еуразиялық екпіннің» пайда болуы ең алдымен бауырлас түркі халқының тарихи тамырларымен байланысты. Бұл жөнінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деді: «.........................................» [2].
Түркия екіншідүние жүзілік соғыстан кейін жүргізген ашық есік және реформалар саясатының нәтижесінде экономикалық даму деңгейін европалық дәрежеге жеткізгені мәлім. Бүгінде Түркия әлемдік саясатқа ықпал ететін мемлекет болып табылады. Сондықтан ОА мемлекеттері үшін Түркиямен дипломатиялық және саяси –экономикалық байланыстарды дамытудың маңыздылығы барған сайын артуда.
Қарастырылып отырған тақырыпқа ғылыми тұрғыда баға берудің тағы бір қажеттілігі – Түркияның ОА мен Қазақстандағы саяси әрі экономикалық мүдделерін айқындау болып табылады. Қазақстан үшін алдыңғы қатарлы түркиямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту негізгі мақсат болып отыр.
Түркия үшін Орта Азиядағы саясатының негізгі мақсаттарының бірі аймақтағы экономикалық қатнастарды дамыту сақтау болып табылады.
Түркия үшін Орталық Азия республикаларымен арасындағы сауда –экономикалық саласындағы ынтымақтастығы үлкен маңызға ие болады. Өйткені бүгінгі таңда халықаралық деңгейде қаржы дағдарысынан шығу онымен күресу бір ғана мемлекеттің қолынан келмейді.
ОА мен Түркияның саяси, сауда-экономикалық ынтымақтастық дипломатиялық байланыстар орнағалы бергі қарым-қатынастардың негізін құрады. Экономикалық тұрғыдан алғанда, Түркия үшін ОА мен Қазақстан төмендегі салалар бойынша басым серіктес бола алады. Олар-энергетикалық сала, металлургиялық шикізат өңдеу мен өндірумен байланысты кәсіпорындармен, құрылыс материалдарының өндірісімен айналысатын кәсіпорындармен байланыстары. Оған қоса Қазақстан түркия товарларын пайдаланатын аймақтағы негізгі тұтыну базары болып қала бермек.
Бітіру жұмыссның тақырыбы болып табылатын Түркия мен ОА мемлекеттері арасындағы сауда - экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау және олардың өзара ықпалдастық деңгейін талдау тараптар арақатынасының болашақтағы дамуына баға беруге мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысында Түркия мен Орталық Азияның тәуелсіз елдеріне қатысты ұстанған саясатының негізін айқындауға талпыныс жасалады. Бұл зерттеу жұмысының өзектілігін арттыра түсері сөзсіз.
Түркия мен ОА мемлекеттері арасындағы сыртқы саяси байланыстарды ашу бітіру жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады. Ал өзара қарым-қатынастардың дамуының негізгі бағыттарын зерделеу, яғни сауда-экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастыққа талдау жасау жұмыстың зерттеу пәні болған.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері 1992 жылыдан ОА мемлекеттерінің тәуелсіздігін алған уақыттан бүгінгі күнге, 21-ші ғасырдың алғашқы онжылдығының 1-ші жартысына дейінгі аралықты қамтиды.
Бітіру жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты Түркия-ОА мемлекеттерінің арасаындағы экономикалық байланыстарды жүйелі және комплексті түрде зерттеу болып табылады. Осындай мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының алдына мынадай мақсаттар қойылады:
1. Түркия мен ОА мемлекеттерінің сыртқы саясатының қалыптасуының теориялық негіздерімен ерекшеліктерін айқындау.
2. ОА үшін Түркияның және Түркия үшін ОА сыртқы саясатында алатын орны мен ролін айқындау.
3. Түркияның Орта Азия елдерімен экономикалық қарым-қатынасындағы ерекшеліктерін көрсету.
4. Түркия мен ОА арасындағы байланыстардың болашағын сипаттау.
5. Түркияның Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі инвестициялық саясатының деңгейін анықтау.
6. Аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қалыптастырудағы «Түркия тәжірибесіне» объективті қорытынды жасау.
Бітіру жұмысының ғылыми зерттелу деңгейі. Түркия мен ОА мемлекеттерімен дипломатиялық қатнастарының дамуы және Түркия мен Орта Азия мемлекеттерімен байланыстарына байланысты XX ғасырдың 90 жж бастап ғылыми -дипломатиялық зерттеулер орын алған. Бүгінгі таңда екі мемлекет арасындағы сыртқы саяси байланыстар кең аумақты саяси қызығу құралына айналды. Қазақстанның сыртқы саясаты, оның ішінде Қазақ-түрік қатнастары және Орта Азиядағы түрік факторы көптеген зерттеушілердің еңбектеріне арқау болды.
Бітіру жұмысының пайдаланылған еңбектер қатарында алдымен ҚР Президенті және қазақстандық дипломаттардың еңбектерін айтуға болады. Мысалы, Н.Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы»[4], «Ғасырлар тоғысында»[5], «Сындарлы он жыл»[6] атты еңбектері еліміздің егемен ел ретінде ішкі және сыртқы саясатын қалыптастырып, даму бағытын қарастырған. Оның ішінде Қазақ-түрік қатнастарының ынтымақтастығы, Қазақстанның бұл мемлекетпен өзара тиімді экономикалық, саяси, достық, әріптестік байланыстарды дамытудың қажеттілігі баяндалады. Қазақстанның егемен ел ретінде сыртқы саяси бағыттарын айқындауы, оның халықаралық қауымдастыққа толыққанды мүше ретінде кіруі және Қазақстан – Түрік дипломатиялық қатнастарын, ҚР экс – сыртқы істер министрі, қазіргі таңда ҚР Сенат төрағасы Қ.Тоқаевтың «Под стягом независимости[7]», «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации», «Беласу» [8]атты еңбектерінде қарастылады. Қ.К. Тоқаев Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі жүргізген сыртқы саясаты баяндалып, сыртқы саясаттың бағыттары, кезеңдері және басым жақтары қарастырылған. Соның ішінде ҚР мен Түркия дипломатиялық байланысына жалпы шолу жасай отырып, Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстар қарастырылып, жекелеген салаларына талдау жасалынған.
Түркия мен ОА арасындағы дипломатиялық байланыстар ортаазиялық дипломаттардың да және саяси қайраткерлердің де зерттеу еңбектерінің негізін құрайды.
ОА дипломаттары өздерінің зерттеулерінде Түркия мен ОА арасындағы екіжақты байланыстың қалыптасуы мен дамуын, экономикалық реформаларға баға бере отырып, олардың болашағы жөнінде сөз қозғайды. Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара ынтымақтасты қарастыруға бірқатар мақалалары арналған.
Бұл еңбектерде қол жеткізген жетістіктеріне талдау жасай отырып, ОА мен Түркия экономикалық даму және экономикалық салалаларды реформалаудың ерекшеліктеріне, ортақ жақтарына баға беріледі.
Сонымен қатар бітіру жұмыстың тақырыбын ашуда Ресей және Орта Азияның республикалары басшыларының еңбектері де пайдаланылды. Олардың қатарында Б.Н.Елциннің,В.ВПутиннің, Өзбекстан президенті И.Каримовтың «О национальной государственности, идеологии независисмости и правовой культуре»[9], Түркменстан президенті С.Ниязовтың «Внешняя политика нейтрального Туркменистана»[10] атты еңбектерін атап өтуге болады.
Бүгінгі таңда Түркияның экономикалық дамуы туралы Түркия мемлекет басшылары еңбектері мен саяси сұхбатттары кірген. Бұл еңбектерде Түркия өзіндік даму жолымен жүруге және түркиялық ерекшелігі туралы баяндалады. Сонымен бірге Түркияның экономикалық реформаға бағыт алу қажеттігін және сыртқы байланыстарды кеңейту керектігі баяндалады [11].
Түркияның жалпы сыртқы саяси бағыты мен Орталық Азияға қатысты жүргізген саясатына талдау жасауға бірқатар Ресей зерттеушілері мен ғалымдарының еңбектері арналған. Олардың ішінде Е.Примаков,М.С.Капица, В.А.Корсун, А.Д.Воскресенский, В.А.Лузянин[12], С.Г.Свешников, Ю.Песков [13] В.Лукин [14], В.Михеев [15], В.Кузнецов [16], Е.П.Бажанов сияқты зерттеушілерді атауға болады.
Қазақстандық зерттеушілер Қазақстан мен Түркия және Түркия мен Орта Азияның мемлекеттерімен дипломатиялық байланыстарға мәселелерге баса назар аударған
Қазақстан сыртқы саясатында мемлекеттік маңызы бар мәселелер турасында жазған белгілі тарихшы-ғалымдардың еңбектері.
Орта Азия аймағы тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық, аймақтық, ғаламдық, саяси, экономикалық, әскери қауіпсіздігі, сонымен қатар Орта Азиядағы геосаяси жағдай мен өңірдің әлемдік саясатта алатын орны сияқты мәселелер белгілі ғалым Ө.Қасеновтің еңбектерінде қарастырылып, жан-жақты талдау жасалынған[6].
Қазақстандық ғалымдар Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатнастар мен экономикалық байланыстарға талдау жасайды.
Сонымен бірге зерттеуші М.Лаумулиннің бірқатар басылымы Қазақстан, мен Орта Азиядағы мен Түркияның ролі, қарым-қатынасы тұрғысындағы батыс зерттеушілерінің, әсіресе американдық зерттеушілердің, көзқарасын баяндайды. Олардың ішінде Г.Фуллер, Дж.Гинсбург, Ч.Анделенд, Н.Платт, Кайзер, М.Олкотт және т.б. бар.
Орта Азиядағы түрік факторы деп атауға болатын арналған өзбек, қырғыз зерттеушілерінің еңбектері зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда пайдаланылды. Онда Түркияның Орта Азиядағы ықпалы көрсетіліп, аймақтың бүгінгі күнгі дамуына әсер ететін Түркия байланысты кейбір факторлар ашылған[7].
Қазақстан сыртқы саясатына қатысты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты кафедрасының оқытушылары Ж.У.Ибрашевтің, К, Қожахметовтың, Қ.Е.Байзақованың, Ф.Т.Көкееваның, және т.б. еңбектері бар.
Зерттеу жұмысында түрік ғалымдары мен зерттеушілерінің еңбектері де пайдаланылды.
Түрік зерттеушілер ОА мен Түркия арасындағы байланыстардың жаңа кезеңдегі барлық салалардағы ынтымақтастығына жалпылама әрі жеке-жеке сипаттама берген.. Кейбір еңбектер Кеңес Одағы ыдырағаннан бұрынғы кезеңдегі қарым-қатынастарға арналған.
Зерттеудің деректік негізі. Түркия мен ОА дипломатиялық қатнастары, Түркия Орта Азиядағы сыртқы саясатын зерттеудің деректік негізгі көздерін төмендегідей бес топқа бөлуге болады.
Зерттеу көздерінің бірінші тобын дипломатиялық құжаттар құрайды. Олар Түркия мен ОА арасындағы байланыстарды дамыту барысында қол жеткізілген келісімдер, декларациялар, коммюникелер т.с.с. Мысалы, Қазақстан Республикасы мен Түркия арасындағы жиырма бірінші ғасырда жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы бірлескен декларация, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісім. Мұндай құжаттар аталмыш елдер арасындағы байланыстарға жан-жақты талдау жасауға мүмкіндік беретін деректер болып табылады. Жоғарыда аталған дипломатиялық құжаттарда мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым жақтарын көрсететін нақты да анық ақпарат беріледі.
Бітіру жұмысының деректік көздерінің екінші тобына ел басыларының, сыртқы істер министрлерінің, елшілердің баяндамалары, өзара сапарлар барысындағы сөйлеген сөздері және әртүрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді. Олар берілген жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін құрайды.
Зерттеу жұмысында қолданылған деректердің үшінші тобын Түркия мен ОА байланыстардың әртүрлі салаларын баяндап, талдау жасаған Қазақстанның, Ресейдің шығыстанушыларының, соның ішінде түріктанушылар, саясатшы, тарихшы ғалымдардың зерттеулері мен монографиялары құрайды.
Ал деректердің төртінші тобын қазақ, орыс, жапон тілдеріндегі отандық және шетелдік мерзімді басылымдарда кездесетін алуан түрлі ақпарат құжаттары кіреді. Ондай мәліметтер Қазақстанның «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Жас Алаш», «Түркістан», «Деловая неделя», «Панорама» газеттерінде және «Дипломатия жаршысы», «Ақиқат», «Саясат», «Казахстан-Спектр», «Центральная Азия и Кавказ», «Казахстан: экономика и жизнь», «Казахстан и современный мир», «Аналитическое обозрение», «Континент» журналдарында бар. Ал Ресейдің «Правда», «Известия», «Аргументы и факты», «Независимая газета» газеттері мен «Проблемы Дальнего Востока», «Мировая экономика и международные отношения», «Азия и Африка сегодня», «Нефть и газ», «Железнодорожный транспорт» журналдары пайдаланылды. Жапонияның журналдары зерттеу жұмысында ерекше орын алды.
Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректердің бесінші тобын Қазақстан мен Орта Азияның және Түркияның, Ресейдің ақпарат агенттіктерінің хабарлары құрайды. Мұндай ақпарат агенттіктердің қатарында Қазақстанның «Хабар», «ҚазААГ», «Интерфакс-Казахстан», Қырғызстанның «Кабар», Тәжікстанның «Ховар», Ресейдің «Новости», «ИТАР-ТАСС» агенттіктері бар. Ақпарат агенттіктерінің хабарлары, негізінен, интернет желісінен алынған.
Жоғарыда аталған деректердің барлық топтары диссертациялық жұмыстың деректік негізі болды. Деректерді пайдалану жұмыстың алдына қойған мәселелерді мейлінше толық зерттеуге және жұмыстың мақсаттары міндеттерін ашуға мүмкіндік бергені сөзсіз.
Зерттеудің ғылыми маңыздылығы. Түркия мен ОА мемлекеттері арасындағы экономикалық қатнастарды талдау отандық және шетелдік зерттеушілердің нысаны болғаны белгілі, бірақ осы уақытқа дейін бұл тақырып комплексті түрде қарастырыла қоймаған.
Берілген жұмыстың ғылыми жаңалығы аталмыш тақырыптың толық зерттелмегендігінде болып отыр.
Отандық ғылымда алғаш рет Түркия мен ОА мемлекеттері экономикалық қатнастары ОА мемлекеттерінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі екі жақты ынтымақтастық деңгейін ашуға талпыныс жасалады.
- Түркия сыртқы саясатының негізі, халықаралық жағдайдың өзгеруіне, ғаламдасу заманының талаптарына және әртүрлі объективті қажеттіліктерге сәйкес Түркия сыртқы саясатындағы басым жақтар қарастырылды.
- Түркияның Орта Азиядағы даму үрдісі айқындалды.
-Түркия Қазақстанның арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталды. Тең құқықтық пен өзара тиімділік қағидалары негізінде белгіленген ара қатынастардың басым жақтарына талдау жасалынып, ортақ жақтары мен ерекшеліктері айқындалды.
Диплом жұмысының әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытыныдылары құрайды. Бітіружұмысында тарихи оқиғаларға және сан-саладағы мемлекетаралық құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар кеңінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына арқау болды. Бұл әдістер Түркия сыртқы саясатындағы Орталық Азия республикаларының әрқайсысының орнын жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысын ғылыми негізде жүйелеп, оның нәтижесін шығару үшін, сол арқылы баяндау, талдау және болжау түрінде негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін ғалымдар әртүрлі әдістерді зерттеген. Сыртқы саясаттың дамуына батыс зерттеушілері, әсіресе американдық саясаттанушылар, өз үлестерін қосқан. Олар зерттеудің билікті-элиталық, плюралистік, ұйымдастырушылық-құрылымдық, рационалды, бюрократиялық-саяси модельдерін ұсынып, сыртқы саясат пен халықаралық қатынастарды зерттеу мен талдаудың көптеген әдістемелерін дамытқан.
Зерттеу жұмысында саяси құбылыстарға баға берудің әдісі ретінде ойындар теориясы пайдаланылады. Бұдан 40 жыл бұрын метематик Джон фон Нойманн мен экономист Оскар Моргенштерн экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын табуға тырысқан, сол орайда өздерінің "Ойындар теориясы және экономиканың тәртібі" атты ортақ еңбегінде көрсетілген классикалық ойындар теориясын жасап шығарған. Оның негізінде рационализм принциптері бойынша жұмыс істейтін субъектілердің типтеріне талдау және болжау модельдері құрылатын мүмкіндік теориясы жатыр. Біртіндеп бұл ойындар теориясы ғылымның басқа да салаларына қолданылатын құралға айналды. Саясат ғылымында ол құрылым мен процесс тұрғысынан алғанда, мемлекетаралық келіссөздер сияқты саяси құбылыстарды зерттеудің салыстырмалы әдісі болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан тұрады.
1 Тарау Халықаралық қатнастардағы Қазқстан мен Орталық Азия: Түркияның геосаясаты
1.1 Орталық Азиядағы жаңа геосаясат және Түркия
Орталық Азия аймағы өзінің географиялық, экономикалық, ұлттық, тарихи, мәдени және тағы басқа факторларының қызметіне сәйкес геосаяси және геоэкономикалық жағынан өзіндік ерекшеліктерге ие аймақ болып табылады. Ең алдымен ол географиялық жағынан батыстағы Европа мен шығыстағы Азияның, солтүстіктегі Ресей мен оңтүстіктегі ислам әлемінің тоғысқан жерінде орналасқан. Сондықтан да аймақтың стратегиялық маңызы өте зор. Екіншіден, тікелей теңізге шыға алмайтын құрлық ортасындағы аймақ, әлемнің басқа аймақтарына тек көрші мемлекеттер арқылы ғана шыға алады, сондықтан көршілес елдермен байланыс орнатудың мәні қаншалықты зор екендігін айтпаса да түсінікті. Үшіншіден аталмыш аймақ табиғи ресурстарға өте бай, оның ішінде әсіресе табиғи газ, мұнай, түсті металдар және басқа да пайдалы қазбалар көздері бар. Ауыл шаруашылығы саласында мақта, астық, көкөніс және тағы басқа экономикалық дақылдарды дамытудағы жағдайы айтарлықтай жақсы, сондықтан едәуір зор экономикалық потенциалға ие. Төртіншіден, ұлттық, діни, мәдени жағынан алғанда бұл аймақ өзіне тән ерекшеліктерге ие, түркі және ислам мәдениетімен дәстүрлі байланысы зор, оған қоса батыс пен шығыс мәдениеттерінің қосылған ықпалы да бар.
20-шы ғасырдың аяғы, дәлірек айтсақ, 90-шы жылдардың басы Орталық Азия республикалары үшін ғана емес, сонымен бірге кезінде Кеңес Одағын құраған республикалар үшін де тарихи бетбұрысты кезең болды. Социалистік тәртіп орнатып келген дүниежүзінің ірі державасы Кеңес Одағы ыдырап, 70 жыл бойы орталыққа бағынған республикалар тәуелсіз мемлекеттер статусына ие болды. Әрине, алғашқы егемендік алған республикалар үшін жеке-дара мемлекет ретінде өзінің ішкі және сыртқы саяси бағыттарын белгілеп, әрі қарай өздігінше аяқ алып жүруі оңай іс емес екендігі айдан анық. Бірақ Орталық Азия елдері халықаралық істерге белсене араласа отырып, халықаралық ұйымдарға мүше болып, дүниежүзілік қоғамдастықтың тең құқықты мүшесіне айналды. Бүгінде әлемнің көптеген мемлекеттері мен саяси, экономикалық күштер назары осы аймаққа аударылған.
КСРО алып мемлекет ретінде тарих сахнасынан кеткен соң, оның орнында қалған республикалар, оның ішінде Орталық Азия елдері де тәуелсіздіктерін жариялап, егемен ел ретінде халықаралық қауымдастықтан өздеріне тиесілі орындарын алуға тырысты. 1991 жылдың аяғында бірінен соң бірі әлемге өздерінің тәуелсіздігі туралы жариялады. Осы жылдың желтоқсан айының басында КСРО-ның іс жүзінде ыдырауы туралы Беловеж келісіміне қол қойылып, айдың соңында Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының пайда болғаны жөнінде келісім дүниеге келеді. Орталық Азия республикаларының тәуелсіздігін алғашқылардың қатарында болып Түркия, Ресей, Қытай және АҚШ мойындайды.
Тәуелсіздік алған бес мемлекеттің әлеуметтік-саяси жағдайы, экономикалық дамуы бірдей деңгейде болды. Ал жеке-дара мемлекет ретінде өмір сүре бастаған кезде Орталық Азия республикалары өзіндік даму жолын...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?